Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданың әкімдігінің 2009 жылғы 19 қаңтардағы № 15 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда № 9-12-90 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 372 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 05.07.2012 № 372 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39-ІІІ "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 29 бабының 7-тармағына, Қостанай облысы әкімдігінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 128 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру үшін құжаттарды рәсімдеу" мемлекеттік қызмет көрсету Стандартын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 14 тамыздағы № 212 "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балалары бар отбасыларына материалдық көмек көрсету туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік реестірінде 2008 жылғы 12 қырқүйекте № 9-12-82 болып тіркелген, 2008 жылғы 18 қырқүйекте № 38 "Айна" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      
      преамбулада:
      "Қарабалық аудандық мәслихатының 2008 жылғы 18 шілдедегі № 90 "Қарабалық аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 24 "2008 жылға арналған Қарабалық ауданының аудандық бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» шешіміне" сөздері алынып тасталсын;
      
      1-тармақта:
      "алты есе" сөздері "сегіз есе" сөздеріне ауыстырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады