Базалық салық ставкасын түзету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009 жылғы 29 шілдедегі № 174 шешімі. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 тамызда № 9-12-118 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 198 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 2009.09.30 № 198 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Жер салығының ставкасын 50 пайызға жер салығының базалық ставкасынан жоғарылатылсын:
      1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге (Салық кодексінің 378 бабы);
      2) үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда елді мекендердің жерлеріне (Салық кодексінің 381 бабы);
      3) елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне (Салық кодексінің 383 бабы).
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жариялағаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоғызыншы
      сессия төрағасы                            Г. Ягодин

      Аудандық
      мәслихатының хатшысы                       А. Төлебаев

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігі
      Салық комитетінің Қостанай облысы бойынша
      Салық Департаментінің Қарабалық ауданы
      бойынша салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі бастығының
      міндетін атқарушы
      __________________________ А. Жүрсиналин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады