"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкiмі ШЕШТІ:
1. 2009 жылдың қаңтарынан бастап наурызына дейiн "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесiне аудан аумағындағы 1992 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеуі ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Қарасу және Октябрь ауылдарында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
3. "Қарасу орталық аудандық ауруханасы" (келісім бойынша), "Қостанай облысы әкімдігі Қостанай облысы Денсаулық сақтау департаментінің Октябрь ауылдық учаскелiк ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорындарының бас дәрiгерлерi "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуін ұсыныс етілсін.
4. Ауылдар мен ауылдық округтердiң әкiмдерi:
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін iлесiп жүретiн адамдарды берсін, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
5. "Қарасу ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруы "Қостанай облысы Қарасу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б.Қ. Бекеновке жүктелсiн.
7. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу
ауданының әкiмi Қ. Ахметов