Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы мәслихатының 2009.09.25 № 181 шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінің 422-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына 15)–тармақшасына сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тіркелген салықтың бірінғай ставкаларың қосымша бойынша белгілеу.
2. Осы шешім оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарасу аудандық мәслихатының
тоғызыншы сессиясының төрағасы М. Сауытпаев
Қарасу аудандық
мәслихатының хатшысы С. Қазиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық Комитетінің Қостанай
облысы бойынша Салық Департаментінің
Қарасу ауданы бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
______________________ С.Ахметов
2009.07.28 ж.
Мәслихатының
2009 жылғы 28 шілдедегі
№ 152 шешіміне қосымша
Тіркелген салықтың бірыңғай ставкалары
№ |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен) |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3 |
Ойын өткізуге үшін, пайдаланылатын жеке компьютер |
1 |
4 |
Ойын жолы |
5 |
5 |
Карт |
2 |
6 |
Бильярд үстелі |
5 |