Қостанай ауданының қорғаныс істер жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы әкімінің 2009 жылғы 22 қаңтардағы № 3 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 ақпанда № 9-14-99 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабына сәйкес, "Әскери міндет және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабын іске асыру мақсатында ШЕШТІМ:
       1. 2009 жылдың қаңтар-наурызында Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған Қазақстан Республикасының ер жынысты азаматтарын тіркеуді өткізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
       2. Селолық округтар, селолар, Затобол кенті әкімдері тіркеу өткізу кезеңінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің шақыру учаскесіне шақырылушыларды хабардар етуді және олардың уақытында келуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
       3. "Қостанай аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігеріне (келісім бойынша) тіркеу өткізу кезеңінде мыналар ұсынылсын:
      1) шақыру орнын дәрігер - мамандармен және орта медициналық қызметкерлермен жинақтау
      2) тұрақты тексерілу үшін орындар қамтамасыз ету.
       4. "Қостанай ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) тіркеу жүргізу кезеңінде медициналық және тіркеу комиссиясынан өту кезінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті қолдану үшін Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне полицияның екі қызметкерін бөлу ұсынылсын.
       5. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) Қостанай ауданы әкімдігінің "Білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығымен бірлесіп тіркеу өткізу кезеңінде:
      1) әскери оқу орындарына үміткерлерді іріктеудегі тапсырманы оқу орындарына жеткізсін
      2) алғашқы әскери даярлаудың оқытушы - ұйымдастырушыларын әскери-оқу орындары туралы анықтамалық материалдармен қамтамасыз етсін;
      3) әскери-оқу орындарына үміткерлерді іріктеу бойынша жұмыстың басталғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарландыру берсін, олардың жұмысын ұйымдастырсын;
      4) тіркеу уақытында әскери-оқу орына түсудегі әскери - кәсіптік бағдарлау мақсатында әскерге шақырылушылардың әрқайсысымен жеке-жеке әңгімелесу өткізсін.
       6. Қостанай ауданы әкімиятының "Қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 2009 жылға қарастырылған қаржы бөлу шегінде Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1992 жылы туған азаматтарының тіркеуін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралардың қаржыландыруын қамтамасыз етсін.
       7. "Қостанай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімінің шақыру учаскесіне 1991 жылы туған Қазақстан Республикасы азаматтарының тіркеуін өткізу туралы" Қостанай ауданы әкімінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 21 шешімі күшін жойды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің Тіркелімінде мемлекеттік тіркеу 2008 жылғы 19 қаңтардағы нөмірі 9-14-66 болып тіркелген, 2008 жылдың 2 ақпандағы № 4 аудандық "Көзқарас-Взгляд" газетінде жарияланған).
       8. Осы шешімінің орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ч. Досжановқа жүктелсін.
       9. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап шыққан қатынастарға таратылады.

      Қостанай
      ауданының әкімі                            Г. Тюркин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады