2009 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2009 жылғы 2 қыркүйектегі № 216 шешімі. Қостанай облысы Қостанай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 қыркүйекте № 9-14-113 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15)-тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабының 3-тармағының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысымен бекітілген ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну Ережесінің 2-тармағына, Қостанай ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 01-556-1695 хатына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
      1. 2009 жылы ауданның ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және заңдылық мәселесі бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 шілдесінен шыққан іс әрекеттерге таралады.

      Қостанай аудандық
      мәслихатының кезектен тыс
      сессиясының төрайымы                     К. Балапанова

      Қостанай аудандық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы                          В. Черненко

      КЕЛІСІЛДІ:

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _____________ З. Кенжегарина
      2009.09.02

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Ауыл шаруашылық бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________ А. Кузнецов
      2009.09.02

      Қостанай ауданы әкімдігінің
      "Қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ В. Осадчая
      2009.09.02

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады