Селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 25 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда № 9-15-100 тіркелді

      2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің  238-бабының 3-тармағына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қосымшаға сәйкес 2009 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының тізбесі белгіленсін.

      2. "2008 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамтамасыз ету, білім беру, мәдениет мамандары лауазымдарының тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 22 мамырдағы № 176 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М. А. Соқытбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      Ж. Нұрғалиев

      Әкімдік мүшелері:

      КЕЛІСІЛДІ

Әкімдіктің              
2009 жылғы 12 қаңтардағы
№ 25 қаулысына қосымша  

2009 жылға арналған аудандық бюджеттің қаражаты есебінен лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларын кемінде жиырма бес пайызға көтеруге құқығы бар және селолық жерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет, әлеуметтік қамтамасыз ету мамандары лауазымдарының
ТІЗБЕСІ

1. Білім беру мамандарының лауазымдары
1) жалпы білім беру мектептерінің оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие,       тәрбие жұмысы жөніндегі, ақпараттық технологиялар жөніндегі,           мектеп-интернаттарының және орта бастауыш пен орта кәсіптік,           қосымша білім беру жөніндегі директордың орынбасары;
2) білім беру мектебінің барлық мамандықтағы мұғалімдері;
3) әлеуметтік педагог;
4) педагог-ұйымдастырушы;
5) қосымша білім беру педагогі;
6) педагог-психолог;
7) балабақша және мектеп жанындағы интернат меңгерушісі;
8) аға тәрбиеші, тәрбиеші;
9) музыкалық жетекші;
10) аға вожатыйы;
11) лагерь бастығы (қорғаныс-спорт, сауықтыру, мектеп, еңбек пен          демалыс);
12) оқу-өндірістік (оқу) шеберхананың меңгерушісі;
13) зертхана, кабинет меңгерушісі;
14) еңбек жөніндегі нұсқаушы;
15) мәдени ұйымдастырушы;
16) аға әдістемеші, әдістемеші;
17) медициналық бике;
18) кітапханашы;
19) психо-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі;
20) балетмейстер;
21) хормейстер;
22) жаттықтырушы-оқытушы;
23) бастапқы әскери дайындық жөніндегі оқытушы-ұйымдастырушы.

2. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) сектор, бөлім меңгерушісі;
3) суретші-ресімдеуші, суретші-реставратор, суретші-қоюшы;
4) әдістемеші, аға әдістемеші, жетекші әдістемеші;
5) кітапханашы;
6) режиссер;
7) музыкалық жетекші, аккомпаниатор;
8) мәдени ұйымдастырушы.

3. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:
1) меңгеруші;
2) әлеуметтік қызметкер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады