"Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 381-бабтың, 422-бабтың 2 тармағының және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасының негізінде Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1.Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 11 маусымдағы "Салықтар мен төлемдердің жекелеген түрлерінің ставкаларын базалық ставкаларға қатысты түзету және белгілеу туралы" № 99 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу № 9-15-86 2008 жылғы 27 маусым, аудандық "Меңдіқара үні" газетінде 2008 жылғы 10 шілдеде 29 санында жарияланды):
аталмыш шешімнің 1 тармағынан мынадай жолдар алынып тасталсын:
"және жергілікті атқарушы орган белгілеген сауда орындары орналасқан базарлар аумағына бөлінген жерлеріне".
Аталмыш шешім мынадай мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:
Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың мөлшері белгіленсін:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш;
2) біреуден артық айыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы – 1 айлық есептік көрсеткіш;
3) ойын өткізу үшін пайдалатылатын дербес компьютер – 1 айлық есептік көрсеткіш;
4) ойын жолы – 5 айлық есептік көрсеткіш;
5) карт – 2 айлық есептік көрсеткіш;
6) бильярд үстелі – 3 айлық есептік көрсеткіш.
2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы Л. Тихоненко
Аудандық
мәслихаттың хатшысы В. Леонов
КЕЛІСІЛГЕН