Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданың Әкімдігінің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 38 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 3 ақпанда № 9-15-106 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-1 бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Тізбеге сәйкес халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын (қосымша).

      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдар басшыларына халықтың нысаналы топтарына қарайтын жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігін көздеуге және бұдан әрі жұмысқа орналастыру перспективасымен оқу орындарының түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.

      3. "Халықтың нысаналы топтары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 12 наурыздағы № 62 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-78, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2008 жылғы 22 мамырда № 22 жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.К. Киікбаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Нұрғалиев

Әкімдіктің             
2009 жылғы 23 қаңтардағы
№ 38 қаулысына         
қосымша                

Халықтың нысаналы топтарын жұмысқа орналастыру
үшін әлеуметтік жұмыс орындарын беретін ұйымдардың
ТІЗБЕСІ
 

Р/с

Ұйымның атауы

Тіркелген күні

1.

Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Көмек" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

2006 жылғы 26.01.
66-1937-03-МК

2.

"Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

2006 жылғы 30.03.
97-1937-03-МК

3.

"Агрофирма "Боровское" жауапкершілігі шектеулегі серіктестігі

2005 жылғы 21.01.
35-1937-03-ЖШС

4.

"АПК Казагро" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2003 жылғы 01.08.
6967-1937-03-ЖШС

5.

"ПК "Вита" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2004 жылғы 12.12.
10-1937-03-ЖШС

6.

"Боровская автобаза" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

2004 жылғы 06.07.
6411-1937-ЖШС

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады