"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір- маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.
2. Әскерге шақыру учаскелері мен жинақтау пункттерінде жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші құрамдағы адамдардың, әскерге шақырылушыларды хабарландыру мен іздестіру тобы мүшелерінің, осы азаматтарды жіберген ұйымдарында жұмыс орны, орналасқан лауазымы және орташа жалақысы сақталады.
3. Боровской селосы, селолық округтер әкімдері:
1) шақыру комиссиясының отырысын әскерге шақырылушыларды хабардар ету және 100 % келулерін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.
4. "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеңіне:
1) әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз етуге және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық қызметкерлер құрамы мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберуге;
2) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындарының резервісі болуына ұсыныс жасалсын.
5. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысына (келісім бойынша), "Меңдіқара ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.
6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру тобын құруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.
7. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды әскерге шақыруды жүргізу мен жөнелту кезінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.
8. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асыруға ұсыныс жасалсын.
9. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2008 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 11 сәуірдегі № 88 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-77, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2008 жылғы 17 сәуірде № 17 жарияланған) қаулысының күші жойылды деп есептелсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
11. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтібелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.
Меңдіқара
ауданының әкімі Б. Жақыпов