"Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 сәуірдегі № 108 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 21 сәуірде № 9-15-108 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудандық бюджеттен қоғамдық жұмыстарды қаржыландыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" әкімдіктің 2007 жылғы 18 қаңтардағы № 23 қаулысына (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-15-54, "Меңдіқара үні" аудандық газетінде 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 18 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      4-бөлімнің 9-тармағының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеуге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген көлемдерде салықтарға жұмыс берушілердің шығыстары мәслихаттың шешіміне сәйкес тиісті бюджеттен өтеледі".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Б. Жақыпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады