Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 141 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 мамырда № 9-15-111 тіркелді

      "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 543 қаулысына, "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2009 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 157 қаулысына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыруды кейінгі қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына мерзімді әскери қызметке шақырылсын.

      2. Әскерге шақыру учаскелері мен жинақтау пункттерінде жұмыс істеу үшін жіберілген әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық және техникалық қызметкерлердің және қызмет көрсетуші құрамдағы адамдардың, әскерге шақырылушыларды хабарландыру мен іздестіру тобы мүшелерінің, осы азаматтарды жіберген ұйымдарында жұмыс орны, орналасқан лауазымы және орташа жалақысы сақталады.

      3. Боровской селосы, селолық округтер әкімдері:
      1) шақыру комиссиясының отырысын әскерге шақырылушыларды хабардар етуді және 100 % келулерін қамтамасыз етсін;
      2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына жіберілетін әскерге шақырылушыларды салтанатты шығарып салу үшін іс-шаралар ұйымдастырсын.

      4. "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) медициналық комиссияның жұмыс кезеңіне:
      1) әскерге шақырылушылардың сапалы медициналық тексерісін қамтамасыз етуге және дәрігер-мамандарға көмекке қажетті медициналық қызметкерлер құрамы мен техникалық қызметкердің бір бірлігін жіберуге;
      2) қажет болған жағдайда әскерге шақырылушылардың денсаулық жағдайын қосымша тексеруді өткізу үшін медициналық мекемеде стационарлық орындарының резервісі болуына ұсыныс жасалсын.

      5. "Меңдіқара ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысына, "Меңдіқара ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына шақыруды өткізу кезеңіне техникалық қызметкердің бір-бірден бірлігін бөлуге ұсыныс жасалсын.

      6. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Меңдіқара аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келісім бойынша):
      1) әскери қызметке шақырудан жалтарып жүргендерді іздестіру тобын құруға және олардың жұмысын ұйымдастыруға;
      2) әскерге шақырылушыларды әскерге шақыруды жүргізу мен жөнелту кезінде әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға ұсыныс жасалсын.

      7. "Меңдіқара ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтап, аудандық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асыруға ұсыныс жасалсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.

      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап туындаған іс-әрекеттерге таратылады.

      Меңдіқара ауданының әкімі                  Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Меңдіқара аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      Д. Ахметов

      "Меңдіқара ауданының Қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      Т. Өтегенов

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қостанай облысының
      ішкі істер департаменті Меңдіқара
      аудандық ішкі істер бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      А. Төлебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады