Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданың мәслихатының 2009 жылғы 21 қаңтардағы № 157 шешімі. Қостанай облысы Меңдіқара ауданың Әділет басқармасында 2009 жылғы 29 қаңтарда № 9-15-98 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2–тармағын, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабының 4-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 - бабының 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Меңдіқара аудандық мәслихат ШЕШТІ:

      1. Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына қалалық жағдайда қызметтің осы түрімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда 2009 жылға арналған аудандық бюджет қаражаты есебінен жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы                            Л. Тихоненко

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        В. Леонов

      КЕЛІСІЛГЕН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады