Әкімдіктің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Меңдіқара ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 167 қаулысы. Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 1 шілдеде № 9-15-113 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Меңдіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2009 жылғы 23 қаңтардағы № 33 "Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9-15-105, 2009 жылғы 12 ақпандағы "Меңдіқара үні" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қоса беріліп отырған 2009 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай облыстық филиалы ұсынатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізбесі бекітілсін";
      2-тармақта:
      "жоғарыда аталған кәсіпорынмен" деген сөздер "жоғарыда аталған кәсіпорындармен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      қоса беріліп отырған қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. К. Киікбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б. Жақыпов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақавтожолы" Республикалық
      мемлекеттік кәсіпорынның Қостанай
      облыстық филиалының директоры
      __________________ С. Қарабеков

Әкімдіктің              
2009 жылғы 20 мамырдағы 
№ 167 қаулысымен        
бекітілген              

2009 жылы жұмыссыз азаматтарға Меңдіқара ауданы
әкімдігінің "Меңдіқара ауданының тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сельхозэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және "Қазақавтожолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның
Қостанай облыстық филиалы ұсынатын ақылы қоғамдық
жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің ТІЗБЕСІ

      РҚАО ескерту. Кестені қағаз мәтітінен қараныз.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады