2009 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы Науырзым ауданы Әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 17 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда № 9-16-87 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2) тармақшасына және 7-бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына сәйкес, халықтың нысаналы топтарының жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу мақсатында Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтарына мына санаттағылар жатады деп белгіленсін:
      1) табысы аз адамдар;
      2) 21 жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасы тәртібімен белгіленген асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) ұзақ мерзім бойы жұмыссыз азаматтар (бір және одан ұзақ);
      12) 50 жастан асқан адамдар;
      13) бастауыш, орта және кәсіби жоғары оқу орындарының түлектері;
      14) алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыспен қамтылмаған жастар;
      15) уәкілетті органдардың жолдамасы бойынша кәсіби білімін аяқтаған жұмыссыздар;
      16) мектеп демалысы кезеңіндегі бастауыш, орта жалпы білім беретін мектептердің және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының оқушы жастары;
      17) табыстары Қостанай облысы бойынша тиісті мерзімге бекітілген азық-түлік себетінің құндылығы бағасынан аспайтын отбасылар;
      18) 21-29 жас аралығындағы жастар;
      19) жалғызілікті аналар;
      20) жалғызілікті әкелер;
      21) көп балалы ата-аналар;
      22) жалғызілікті ата-аналар;
      23) көп балалы аналар;
      24) 5 жасқа дейінгі баласы бар аналар;
      25) мүгедек балаларды жастайынан тәрбиелеп отырған ата-аналар;
      26) 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жастар;
      27) туберкулезбен сырқаттанғандар;
      28) жауынгер-интернационалистер
      29) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      30) жұмыс беруші-заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші-жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар.
     Ескерту. 1-тармақ өзгерту енгізілді - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009.07.20 № 145 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараныз) қаулысымен.
      2. Ауданның ауыл, село және селолық округтерінің әкімдері халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
      3. "Науырзым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша):
      1) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды уақытша жұмыспен қамту және кәсіби даярлау жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесін.
      4. Аудан әкімдігінің "2008 жылы халықтың нысаналы топтарын анықтауға, оларды жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу шаралары туралы" 2008 жылғы 21 шілдедегі № 161 қаулысының (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-74, № 21 "Науырзым" аудандық газетінде 2008 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. Өтекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады