Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 9 ақпандағы № 15 қаулысы. Қостанай облысы Науырзым ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 ақпанда № 9-16-88 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 тамыздағы № 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 2011.08.15 № 347 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 53-бабының негізінде, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 31-бабы 1-тармағының 13), 14) тармақшаларына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңның 14-бабы 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
      2. "Науырзым ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" (А.Т. Айтуарова) және "Науырзым ауданының қаржы бөлімі" (Р.Т. Бөдекенова) мемлекеттік мекемелерi "Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау" 451002101 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      4. Аудан әкiмдiгiнiң "Кәсіби даярлауға, біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету жөнiндегi нұсқаулықты бекіту туралы" 2008 жылғы 25 наурыздағы № 67 (мемлекеттік тiркеу нөмiрi 9-16-69, № 11 аудандық "Науырзым" газетiнде 2008 жылғы 30 сәуірде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                          Т. Өтекеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады