Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің 2009.05.29 № 3 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2009 жылғы қаңтардан бастап наурызға дейін "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне аудан аумағындағы 1992 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Таран селосында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
3. "Таран аудандық орталық ауруханасы" (келісім бойынша) мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуін ұсыныс етілсін.
4. Селолық округтердің, селолардың және кенттің әкімдері:
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
2) азаматтарды шақыру учаскесіне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды болсын, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
5. "Таран ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне азаматтардың тіркеумен байланысты іс-шараларды қаржыландыруды "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
6. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
7. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран ауданының әкімі А. Ахметжанов
КЕЛІСІЛДІ