"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 42 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 наурызда № 9-18-85 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 сәуірдегі № 129 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.04.27 № 129 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы кодексінің 358–бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5718-1-баптарына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 20 наурыздағы № 63 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 7 сәуірдегі тіркелген № 9-18-25, 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 16 "Шамшырақ") мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтағы:
      9 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздарға жергілікті (аудан) бюджет қаражатынан төленетін еңбекақы төлемдері, заңнамамен белгіленген тәртіпте салық салынады. Жұмыс берушіге бюджеттен белгіленген еңбекақы шегінде, жергілікті (аудан) бюджет қаражатынан екінші деңгейдегі банк қызметіне комиссиондық өтемақы төлеу шығындары мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік салық бойынша шығындар өтеледі. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін жұмыссыздардың еңбекақысына кеткен қаражаттарды өтеуге жергілікті (аудан) бюджеттің ақшалай түсімдерін пайдаланады”;
      10 тармақтағы "жұмыс уақытының есеп табелі" сөздерінен кейін "жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрықтан көшірме" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Таран ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          К. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады