Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009.05.19 № 143 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405 Заңының 14-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің 4 бөліміне сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 36 қаулысына (2005 жылғы 10 наурыздағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестіріндегі тіркеу нөмірі 3366, 2005 жылғы 23 наурыздағы № 12 "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), толықтырулар мен өзгерістер енгізілді: "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" әкімдіктің 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 8 қаулысымен (2006 жылғы 6 ақпандағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестіріндегі тіркеу нөмірі 9-18-20, 2006 жылғы 16 ақпандағы № 7 "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған), "Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Таран ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы № 36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы” әкімдіктің 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 225 қаулысымен (2008 жылғы 15 қыркүйектегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестіріндегі тіркеу нөмірі 9-18-73, 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 38 "Шамшырақ" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген, қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру және ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулықтағы:
12 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Тиісті жылға республикалық бюджет туралы Заңмен белгіленген қоғамдық жұмысқа қатысушылардың еңбек төлемін еңбекақының жартылай аз көлемдегі мөлшерін төлеуге жұмыс берушілердің шығыны, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлемдер, екінші деңгейдегі банк қызметіне әлеуметтік салық пен делдалдық сыйақы төлемдер жергілікті (аудандық) бюджет қаражаттарынан төленеді. Бюджеттік қаражаттар жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады";
15 тармақтағы "жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару туралы бұйрығынан көшірме" сөздері алынып тасталсын.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран
ауданының әкімі А. Ахметжанов