Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2009 жылдың сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыру жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 94 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2009 жылы 7 мамырда № 9-18-90 тіркелді. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011 жылғы 8 желтоқсандағы № 11-02/1717 хатымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қолданыстағы мерзімінің тоқтатылуымен байланысты Қостанай облысы Таран ауданының әкімінің 2011.12.08 № 11-02/1717 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 Заңының 1923-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 779 Жарлығына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай – ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтардың Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқада әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2009 жылдың сәуір–маусымында және қазан–желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрігері (келісім бойынша) "Қостанай облысы Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірге шақыру жөніндегі шараларды өткізсін.
      3. Кент, селолар, селолық округтердің әкімдері:
      1) кент, селолар, селолық округтердің әкімдері аппараттарының әскери–есепке алу столы мамандарының еріп жүруімен шақырудан өту үшін азаматтардың комиссияға келуін қамтамасыз етсін;
      2) соғыс және еңбек ардагерлерін, жауынгер-интернационалистерді шақырумен, әскери қызметті өтеу үшін жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырылсын.
      4. "Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Қостанай облысы ішкі істер Департаментінің Таран аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша) ұсынылсын:
      1) қолданылып жүрген заңнама шегінде, мерзімді әскери қызметтен жалтарып жүрген тұлғаларды іздестіруді және ұстауды жүргізсін;
      2) әскерге шақыру учаскесінің аумағында тәртіпті, Қостанай қаласындағы облыстық жинақтау пунктіне әскерге шақырылғандарды жеткізуге бөлінген машина саптарының жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция жасағын бөлсін.
      5. "Таран ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы әскерге шақыруды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруды бюджетте көзделген қаражат шегінде қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Р.М. Бермағамбетовке жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы сәуірден бастап қолдану үшін таратылады.

      Таран
      ауданының әкімі                            А. Ахметжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады