Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Таран ауданы әкімінің 2010.04.05 № 1 шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңы 17-бабына сәйкес Таран ауданының әкімі ШЕШТІ:
1. 2010 жылғы қаңтар-наурызда "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру теліміне аудан аумағындағы 1993 жылғы туған еркек жынысты азаматтардың тіркеу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
2. Таран селосында шақыру пункттері ұйымдастырылсын.
3. "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының "Таран аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (келісім бойынша) бірлесіп тіркеу жөніндегі іс-шараларды өткізуге ұсыныс етілсін.
4. "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) "Таран ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге ауданның оқу орындарына әскери- оқу орындарына кандидаттар таңдауға тапсырманы жеткізуге, алғашқы әскери дайындық оқытушылар-ұйымдастырырушыларды әскери-оқу орындары бойынша анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуге, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға, “Шамшырақ” аудандық газетінде әскери- оқу орындарына кандидаттар таңдау жөніндегі жұмыстың басталғаны туралы хабарландыру жариялауға, әскери-оқу орнына түсуге әскери-кәсіби бағдар беру мақсатында әрбір әскерге шақырылатындармен жеке әңгімелесу жүргізуге ұсыныс жасалсын.
5. Селолық округтердің, селолардың және кенттің әкімдері:
1) тіркеуді өту үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
2) азаматтарды шақыру теліміне жеткізу үшін ілесіп жүретін адамдарды болсын, тасымалдаған кезде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін шаралар қолдансын.
6. "Таран ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру телімдеріне азаматтардың тіркеуімен байланысты іс-шараларды қаржыландыруды "Таран ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шығыстар сметасында қарастырылған қаржы бөлу есебінен жүзеге асырсын.
7. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Таран ауданының әкімі А. Ахметжанов
КЕЛІСІЛДІ
"Таран ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
____________________ О. Имашев
2009.12.21
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасының
"Таран аудандық орталық
ауруханасы" мемлекеттік
коммуналдық қазыналық
кәсіпорнының бас дәрігері
________________ Н. Әбішев
2009.12.21