Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеудi жүргізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 5 шешімі. Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 19 наурызда № 9-19-93 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi № 74 Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды "Ұзынкөл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнiң шақыру учаскесіне тiркеуді 2009 жылғы қаңтар-наурызында жүргізілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнiң бастығына (келiсiм бойынша):
      1) Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркелуiн ұйымдастырып, жүргiзсiн;
      2) тіркеу жұмыстары аяқталған соң, жасалған шарттар мен шығарылған шығындар бойынша қызмет көрсеткендермен есеп айырысуды өткізу ұсынылсын;
      3) Ұзынкөл ауданының шақыру участкесіне Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын тіркеу қорытындылары жайлы ақпаратты аудан әкіміне 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін хабарласын.

      3. "Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының бас дәрігеріне (келiсiм бойынша) тіркеу жүргізу жөніндегі жұмысты қамтамасыз ету үшін мыналар ұсынылсын:
      Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың кеуде клеткаларына, жүрек рентгенттерін жасау және керекті лабораториялық тексерулер жүргізсін.

      4. Ұзынкөл ауданының селолық округтерінің, Ұзынкөл селосының, Троебрат селосының әкімдері тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру участкесіне келуін қамтамасыз етсін.

      5. "Ұзынкөл ауданының қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiне бастықтың міндетін атқарушысына 12200500 "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттi атқару шеңберiндегi iс-шаралар" бағдарламасымен көзделген қаражаттар шегiнде Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз етуге байланысты iс-шаралардың қаржыландырылуын жүргізу ұсынылсын.

      6. "Қазақстан Республикасы ішкі істер Министірлігі Қостанай облысының ішкі істер Департаменті Ұзынкөл аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) мыналар ұсынылсын:
      1) шақыру учаскесiне тiркелуден бас тартып жүргендерді іздестіру және шақыру учаскесiне әкелу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру;
      2) тіркеу жүргізу мерзiмiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсiн.

      7. Қазақстан Республикасының тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеу жүргiзудiң орындалуына бақылау жасау Ұзынқөл ауданы әкімінің орынбасары М.В. Слесарьға жүктелсін.

      8. " Қазақстан Республикасының тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Ұзынкөл ауданының шақыру учаскесiне тiркеудi ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" Ұзынкөл ауданы әкімінің 2009 жылғы 27 ақпандағы № 4 шешімі жойылсын.

      9. Ұзынкөл ауданы әкімінің осы шешімі ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі                    А. Сейфуллин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады