Мүгедектер үшін жұмыс орындарының 2009 жылға арналған квотасын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 62 қаулысы. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 мамырда № 9-20-149 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-2) тармағын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармағын жүзеге асыру мақсатында Федоров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Федоров ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындардың жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде орын болып белгіленсін.
      2. "Федоров аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Корниенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады