Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы азаматтық қызметкерлердің жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2009 жылғы 23 шілдедегі № 188 шешімі. Қостанай облысы Федоров ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 тамызда № 9-20-158 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 2013 жылғы 20 қарашадағы № 171 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Федоров ауданы мәслихатының 20.11.2013 № 171 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 2007 жылғы 15 мамырдағы 238–бабының 2–тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6–бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қалалық жағдайда осы қызметпен айналысатын азаматтық қызметкерлердің жалақылары мен ставкаларын салыстыра отырып, аудандық бюджет қаражаты есебінен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет саласындағы азаматтық қызметкерлердің жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылары мен тарифтік ставкалары белгіленсін.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қалыптасқан жағдайдағы қолданысқа таратылады.

      Сессия төрайымы                            М. Педан

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                   С. Сералинова

      КЕЛIСIЛДІ:

      "Федоров ауданының экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ Д. Белик
      13 шілде 2009 жыл

      "Федоров ауданының қаржы бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ______________________ В. Гринак
      13 шілде 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады