Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери кызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасын басшылыққа ала отырып Федоров ауданының әкімдігі ШЕШТІ:
1. "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған Қазақстан Республикасының еркек жынысты азаматтарды аудан аумағында тіркеуді 2010 жылғы қаңтар-наурызда ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
2. Федоров селосында тіркеу орнын ұйымдастырсын.
3. "Федоров аудандық орталық аурухана" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның бас дәрігері "Қостанай облысы Федоров ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесімен бірге (келісім бойынша) тіркелу жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етсін.
4. Федоров селосының және селолық округтер әкімдеріне:
1) тіркеу үшін комиссияға азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
2) шақыру учаскесіне азаматтарды жеткізу үшін жеткізу кезінде қолайсыз жағдайлардан сақтану үшін адамдарды жіберсін.
5. "Федоров ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтардың шақыру учаскесіне тіркелуін жүргізу байланысты іс-шараларды қаржыландыру "Қостанай облысы Федоров ауданының әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Қорғаныс" бағдарламасы бойынша шығындар сметасында көзделген қаржылар есебінен жүзеге асырсын.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн мерзімі өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Федоров ауданының әкімі А. Корниенко
КЕЛІСІЛДІ
"Костанай облысы Федоров
ауданының қорғаныс істері
жөніндегі бөлім" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________ А. Никифоров
31 желтоқсан 2009 жыл
"Федоров аудандық орталық аурухана"
мемлекеттік коммуналдық қазыналық
кәсіпорынның бас дәрігері
__________________ В. Финк
31 желтоқсан 2009 жыл