Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 2011.02.16 N 352/32 шешімімен.
Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңы 6-бабының 5-тармағына, "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа мiндеттi төлемдер туралы" Кодексiнiң 487-бабына, Су Кодексі 38-бабының 5)тармақшасына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы бойынша жер үсті су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін 2009 жылға арналған төлемақы мөлшерлемелері көрсетiлген шешiмнiң қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы шешiм ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1-қаңтарынан пайда болатын құқықтық қатынастарға таратылады.
3. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.
Сессия төрағасы,
облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
Павлодар облысы мәслихатының
(IV сайланған XIII сессиясы)
2009 жылғы 6 ақпандағы
N 162/13 шешіміне
қосымша
Павлодар облысы бойынша 2009 жылға арналған жер үсті су
көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төленетін
төлемақы мөлшерлемелері
Р/с N |
Арнайы су пайдалану түрлері |
Өлшем бірлігі |
Мөлшерлемелер |
|
теңге |
тиын |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер |
текше метр |
4,98 |
|
2 |
Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса алғанда (өндірістік қажеттіліктер) |
текше метр |
14,32 |
|
3 |
Ауыл шаруашылығы |
текше метр |
4,03 |
|
4 |
Су көздерінің суын пайдаланатын тоған шаруашылықтары |
текше метр |
4,03 |
|
5 |
Су көздерінен су алмайтын су қоймаларында балық өсірумен айналысатын балық шаруашылықтары |
өнімнің тоннасы |
101,74 |
|
6 |
Су көліктері |
т.км |
0,57 |