Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөль, Торайғыр, Маралды, және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 6 сәуірдегі N 92/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 сәуірде N 3134 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 шілдедегі № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің 11.07.2022 № 197/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" N 42 қаулысына, бекітілген жобалау құжаттамаға сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілген жобалау құжаттамалары негізінде 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері бекітілген жобалау құжаттамалары негізінде 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтарында шаруашылық қызметтің арнайы тәртібі және су қорғау белдеулерінде шектеулі шаруашылық қызметтің тәртібі 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің, Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерінін жобаларын мемлекеттік жер кадастрына есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының қорғалуы мен пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік уәкілетті органдарға тапсырсын.

      5. Павлодар және Ақсу қалаларының, Баянауыл, Павлодар, Шарбақты аудандарының әкімдері осы қаулыны барлық мүдделі ұйымдар мен азаматтардың назарына жеткізсін.

      6. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолдынысқа енгізіледі.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т. Қ. Закарияновқа жүктелсін.

Облыс әкімі

Б. Сағынтаев

Келісілді:


Су ресурстарын пайдалануды


реттеу және қорғау жоніндегі


Ертіс бассейіндік


инспекциясының бастығы

К. Көбегенов

Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық


қадағалау комитетінің Павлодар облысы


бойынша департаментінің директоры

А. Темірбаев


  Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі
N 92/6 қаулысына
1 - қосымша

Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы
Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Р/с N

Қалалардың, су объектісі мен оның учаскелерінің атаулары

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Шекара ұзындығы (шақырым)

Ауданы (га)

Ені (м)

Шекара ұзындығы (шақырым)

Ауданы (га)

Ені (м)

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Павлодар қаласы:







1)

Ертіс өзенінің оң жақ жағасы

18,3

813,84

100-1125

14,08

71,71

20-160

2)

Усолка өзенінің ескі арнасы

-

-

-

9,22

52,32

20-300

3)

қойнаудағы ескі арналар

-

-

-

14,50

37,71

20-65

4)

Ертіс өзенінің сол жақ жағасы (Ленин кенті)

5,4

367,2

100-1250

3,27

6,24

20-65

2

Ақсу қаласы

20,33

3151,1

800-1000

63,43

392,4

20-100

  Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі
N 92/6 қаулысына
2 - қосымша

Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды
және Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Р/с N

Аудандардың, су объектілерінің атаулары

Су айнасының ауданы (га)

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ені (м)

Ауданы (га)

Ені (м)

Ауданы (га)

1

3

4

5

6

7

8

1

Баянауыл:






1)

Біржанкөл көлі

67,5

500

230,1

20 - 100

25,1

2)

Жасыбай көлі

650,0

430-500

596,2

20 - 100

108,2

3)

Сабындыкөл көлі

740,0

500

1086,7

20 - 100

148,2

4)

Торайғыр көлі

120,0

500

336,8

20 - 100

46,5

2

Павлодар, Шарбақты:






1)

Мойылды көлі

80,0

300

147,6

20

7,6

2)

Маралды көлі

5488,0

500

1479,1

35

98,7

  Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 6 сәуірдегі
N 92/6 қаулысына
3 - қосымша

Павлодар және Ақсу қалаларының аумағындағы Ертіс өзенінің
және Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды,
Мойылды көлдерінің су қорғау аймақтары мен
белдеулеріндегі шаруашылық қызметінің тәртібі

      1. Ертіс өзенінің және Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды, Мойылды көлдерінің суды қорғау аймақтары шектерінде шаруашылық қызметтің арнайы тәртібі, ал суды қорғау белдеулерінде - судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау мақсатында шектеулі шаруашылық қызметтің тәртібі сақталуы тиіс.

      2. Ертіс өзенінің және Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды, Мойылды көлдерінің суды қорғау аймақтары шегінде:

      1) авиациялық-химиялық жұмыстарды жүргізуге;

      2) зиянкестерге, өсімдік ауруларына және арамшөптерге қарсы күрестің химиялық құралдарын қолдануға;

      3) топырақты тыңайту үшін көң ағынын қолдануға;

      4) улы химикаттар, минералды тыңайтқыштар және жанар - жағармай материалдар қоймаларын, аппараттарға улы химикаттарды құюға арналған алаңдарды, мал шаруашылығы кешендері мен фермаларын, өнеркәсіптік, тұрмыстық және ауылшаруашылық қалдықтарды жинақтау және көму орындарын, зираттар мен мал қорымдарын, ақаба сулар жинақтауыштарын, сондай-ақ су сапасына теріс әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;

      5) көң мен қоқыстарды жинақтауға;

      6) жанар-жағармай құюға, автомобильдерді, тракторларды және басқа машиналар мен механизмдерді жууға және жөңдеуге;

      7) су қорғау аймақтарының ені 100 метрден кем және іргелес аумақтардағы беткейлердің құламалылығы 3 градустан артық болғанда, жаңа саяжай және бау-бақша телімдерін орналастыруға;

      8) көлік құралдарының тұрақтарын, оның ішінде саяжай және бау-бақша телімдері аумақтарында орналастыруға;

      9) басты пайдаланатын ағаштарды кесуді жүргізуге;

      10) су объектілері мен су қорғау аймақтарының ластануы мен қоқысталуының алдын алатын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және қайта құрылған объектілерді пайдалануға беруге;

      11) су қорын пайдалану және қорғау, сумен қамтамасыз ету және су тарту, қоршаған ортаны қорғау, жер ресурстарын басқару, халықты энергиямен қамтамасыз ету және тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы жергілікті атқарушы органдар мен уәкілетті органдардың келісімінсіз ғимараттарды, имараттарды, коммуникацияларды және басқа да объектілерді салуға, қайта құруға, және пайдалы қазбаларды өндіруге, жер қазу мен басқа да жұмыстарды жүргізуге;

      12) құрылыс салу, түбін тереңдету, жарылыс жүргізу, бұрғылау, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбаларды өндіруге, кабельдер, құбырлар және басқа да коммуникацияларды салуға, белгіленген тәртіптегі келісілген жобалары жоқ басқа да жұмыстарды жүргізуге;

      13) малды нормадан артық жаюға, суға түсіруге және санитарлық өңдеуге, су қоймалар тәртібін төмендететін басқа да шаруашылық қызмет түрлерін жүргізуге;

      14) шекті бола алатын концентрациясы белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қар жамылғысы бойынша тыңайтқыштар енгізуге, құрамында көңі бар залалсыздандырылмаған ағын сулар мен берік хлор органикалық улы химикаттарды тыңайтқыш ретінде қолдануға тыйым салынады.

      3. Көрсетілген шектеулерге қосымша Ертіс өзенінің Біржанкөл, Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр, Маралды және Мойылды көлдерінің суды қорғау белдеулерінің шектерінде мыналарға:

      1) улы химикаттар мен пестицидтердің органикалық және минералды тыңайтқыштарын қолдануға;

      2) шайылған топырақ үйінділерін жинауға;

      3) мал жаюға және малдың жазғы лагерьлерін (суаттың дәстүрлі орындарын пайдаланудан басқа), тоғытпа ванналарды ұйымдастыруға;

      4) маусымдық тұрақты шатырлы қалашықтарды орнатуға;

      5) жаңа саяжай және бау-бақша телімдерін орналастыруға;

      6) жеке тұрғын үй, саяжай немесе басқа да құрылыс салуға телімдер бөлуге;

      7) жолдар және өтпе жолдар салуға (малдарды суаратын дәстүрлі орындарға апаратын өтпелерден басқа);

      8) автомобильдер, тракторлар және механизмдердің (арнайы мақсаттағы техникадан басқа) қозғалуына;

      9) жерді жыртуға;

      10) ғимараттар мен имараттар (суды жинау, суды реттеу, қорғау және арнайы мақсаттағы басқа да имараттардан басқа) құрылысын салуға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады