Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық мәслихатының 11.10.2013 N 190/22 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 2-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) өткізудің және шешімдер қабылдаудың Ережесі бекітілсін (қоса беріледі).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Терентьев
Облыстық мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров
ІV сайланған облыстық мәслихаттың
2009 жылғы 24 шілдедегі
ХVІ сессияның N 220/16
шешімімен бекітілген
Жергілікті қауымдастық жиналысын (жиынын) өткізу
және шешімдер қабылдау
ЕРЕЖЕЛЕРІ 1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес әзірленді және жергілікті маңызы бар мәселелерді талқылау және шешу үшін жергілікті қауымдастық тұрғындарының жиналыстарын (жиындарын) өткізу тәртібін реттейді.
1.2. Жиналыс (жиын) жергілікті қауымдастық мүшелерінің өз қалауын еркін білдіру нысандарының бірі болып табылады.
1.3. Жергілікті қауымдастық жиналыстары (жиындары) өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Павлодар облыстық мәслихатының, тиісті қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімдерін басшылыққа алады.
2. Шақыру тәртібі
2.1. Жергілікті қауымдастық жиналыстары (жиындары) сайлау құқығы бар тиісті аумақтың кем дегенде 10% тұрғындарының бастамасымен немесе тиісті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бастамасымен шақырылады.
2.2. Жергілікті қауымдастық жиналыстары (жиындары) қажетіне қарай шақырылады. Жергілікті маңызы бар мәселелері жөніндегі жергілікті қауымдастық жиналыстары (жиындары), облыстық мәслихаттың тікелей құзыретіне жатқызылғандарынан басқа, оларға сайлау құқығы бар тиісті аумақ (шағынаудан, кент, көше) тұрғындарының кем дегенде жартысы қатысқан кезде құқықты болып саналады.
2.3. Жергілікті қауымдастық жиналысын (жиынын) шақыру мүмкіндігі болмаса немесе қиыншылықтар туса, елді мекендер, көшелер, тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің жиналыстары (жиындары) өткізілуі мүмкін. Өкілдердің жиналысы (жиыны) өкілдердің кем дегенде үштен екі бөлігі қатысқан кезде құқықты болып табылады. Өкілеттік нормасы жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен белгіленеді.
3. Жергілікті қауымдастық жиналыстарының
(жиындарының) өкілеттіктері
3.1. Жергілікті қоғамдастық жиналысы (жиыны):
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдарын қалыптастырады;
2) елді мекендерді көріктендіру, тұрғын үй қорының сақталуы мен тиісті пайдаланылуы, тұрғындарға коммуналдық-тұрмыстық және басқадай қызмет көрсету, дене тәрбиесі мен спортты дамыту, тұрғылықты жерлері бойынша азаматтардың бос уақытын ұйымдастыру, табиғатты қорғау, азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарын дамыту мәселелерін талқылайды;
3) заңнаманы, қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін бұзуға жол берген азаматтардың тәртібін талқылайды;
4) әкімшілік-аумақтық бөліністегі өзгерістерге, елді мекендерге, көшелерге, алаңдарға белгіленген тәртіпте ат қоюға және оларды қайта атауға байланысты мәселелерді талқылайды;
5) жергілікті қауымдастық әрекетінің өзге мәселелерін шешеді.
3.2. Жергілікті қауымдастық жиналысы (жиыны) мемлекеттік және қоғамдық органдарға, кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға, лауазымды тұлғаларға ұсыныстармен өтініш жасай алады, олар бұл ұсыныстарды Қазақстан Республикасының заңнамасынмен белгіленген мерзімде қарайды және қолданған шаралар туралы жергілікті өзін-өзі басқару органына тұрғындардың назарына жеткізу үшін хабарлайды.
3.3. Жергілікті қауымдастық жиналысында (жиынында) өзінің құзыреті шегінде қабылданған шешімдер жергілікті қауымдастықтың барлық мүшелері үшін орындауға міндетті. Олар қолданған шешімдермен келіспеген жағдайда сотқа шағымдануы мүмкін.
3.4. Жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) шешімдерін орындау туралы тұрғындардың жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды және жеке тұлғалар тиісті аумақтың тұрғындарына уақытында хабарлап отыру қажет.
4. Жергілікті қауымдастықтың жиналысын (жиынын) өткізуге
дайындық және оны жүргізу тәртібі
4.1. Жергілікті қауымдастық жиналысын (жиынын) өткізуге дайындықты және оны жүргізуді тиісті өзін-өзі басқару органы, жергілікті қауымдастық мүшелері қамтамасыз етеді.
4.2. Жиналыстың (жиынның) өту уақыты мен орны және талқылауға қойылған мәселелер туралы жергілікті өзін-өзі басқарудың жауапты мүшесі тұрғындарға жиналысқа (жиынға) кем дегенде 10 күн қалғанда, ал кезектен тыс жиналыс (жиын) шақырылғанда – кем дегенде 3 күн қалғанда хабарлайды.
4.3. Жергілікті қауымдастық жиналысын (жиынын) жергілікті өзін-өзі басқару органының басшысы (орынбасары) немесе осыған уәкілетті тұлға ашады.
4.4. Жиналысты (жиынды) жүргізу үшін төраға мен хатшы ашық дауыс беру арқылы сайланады. Күн тәртібін жиналыс (жиын) бекітеді.
Жиналыста (жиында) хаттама жүргізіледі, онда мыналар:
жиналыстың (жиынның) өту уақыты мен орны;
жергілікті қауымдастық мүшелерінің, яғни аумағында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелгендердің және жиналысқа (жиынға) қатысу құқығы барлардың жалпы саны немесе олардың өкілдерінің жалпы саны;
жиналысқа (жиынға) қатысушылардың саны;
төраға мен хатшының тегі, аты, әкесінің аты;
күн тәртібі;
сөз сөйлеулердің мазмұны, қабылданған шешімдер, ол бойынша дауыс берудің қорытындылары көрсетіледі.
Хаттамаға төраға мен хатшы қол қояды және тиісті жергілікті өзін-өзі басқару органына беріледі.
4.5. Жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Жиналысқа (жиынға) қатысушы азаматтардың жартысынан көбі шешімге дауыс берсе, онда ол шешім қабылданған деп саналады.
4.6. Жергілікті қауымдастық жиналысының (жиынының) заңнамаға қарсы келетін шешімі азаматтардың сол жиналысымен (жиынымен) немесе заңмен белгіленген өзге де тәртіпте күші жойылады.
5. Қорытынды ережелер
5.1. Жергілікті қауымдастық мүшесінің құқықтарын Қазақстан Республикасының заңды актілерімен қарастырылған жағдайдан басқа, шектеуге болмайды және оны сот ретінде шағымдануға болады.