Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" N 78/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2009 жылғы 18 тамыздағы N 162/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 2 қыркүйекте N 3143 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 112/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 30.06.2011 N 112/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы "Жекешелендіру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қыркүйектегі "Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері" N 1431 қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" N 78/4 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3111 болып тіркелді, 2008 жылғы 5 маусымда "Сарыарқа самалы" N 61 және 2008 жылғы 6 мамырда "Звезда Прииртышья" N 49 газеттерінде жарияланды), Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 17 ақпандағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" N 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" N 40/3 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3132 болып тіркелді, 2009 жылғы 21 наурызда "Сарыарқа самалы" N 34 және 2009 жылғы 21 наурызда "Звезда Прииртышья" N 33 газеттерінде жарияланды), Павлодар облысы әкімдігінің 2009 жылғы 5 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі "Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік объектілерінің тізбесін бекіту туралы" N 78/4 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" N 107/8 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3137 болып тіркелді, 2009 жылғы 4 маусымда "Сарыарқа самалы" N 63 және 2009 жылғы 4 маусымда "Звезда Прииртышья" N 62 газеттерінде жарияланды) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес 411 – 421 тармақтармен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.В. Склярға жүктелсін.

      Облыс әкімі                                Б. Сағынтаев

Павлодар облысы әкімдігінің
2009 жылғы 18 тамыздағы 
N 162/12 қаулысына   
қосымша         

1

2

3

411

Мемлекеттік нөмірі S 407 ВL, 1990 жылы шыққан УАЗ-3303 автомашинасы

Ақсу қаласы ("Ақсу қаласының N 1 қазақ орта мектебі" ММ-нің балансында)

412

Мемлекеттік нөмірі S 032 АСD, 1988 жылы шыққан Т-40 доңғалақты тракторы

Ақсу қаласы ("Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

413

Мемлекеттік нөмірі S 031 АСD, 1989 жылы шыққан ЮМЗ-6 КЛ доңғалақты тракторы

Ақсу қаласы ("Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

414

Мемлекеттік нөмірі 96-15 ПАМ, 1987 жылы шыққан ЗИЛ-130 автокраны

Ақсу қаласы ("Ақсу қаласы Жолқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

415

Мемлекеттік нөмірі 8476 ПАА, 1994 жылы шыққан ВАЗ-21061 автомашинасы

Павлодар ауданы, Мичурин ауылы ("Психохрониктерге арналған Павлодар мамандандырылған үйі" ММ-нің балансында)

416

Мемлекеттік нөмірі S 161 АS, 1993 жылы шыққан ГАЗ-31029 автомашинасы

Баянауыл ауданы ("Баянауыл ауданы Шөптікөл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

417

1998 жылы шыққан "Selectra-2" биохимиялық талдағыш медициналық жабдығы

Павлодар қаласы ("Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы" ММ-нің балансында)

418

Жалпы аумағы 2523,6 м2, 1966 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты

Екібастұз қаласы, Шідерті кенті, Ленин көшесі, 7 ("Шідерті жалпы орта білім беретін мектеп" ММ-нің балансында)

419

Жалпы аумағы 423,5 м2, 1956 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты

Качиры ауданы, Зеленая Роща ауылы ("Береговая жалпы білім беру орта мектебі" ММ-нің балансында)

420

Жалпы аумағы 830,5 м2, 1958 жылы салынған мектептің бұрынғы ғимараты

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы ("Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

421

Жалпы аумағы 275,3 м2, бұрынғы ведомстводан тыс күзет ғимараты

Ертіс ауданы, Ертіс ауылы, Карел - Полк көшесі, 73-үй ("Ертіс ауылы әкімінің аппараты" ММ-нің балансында)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады