Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 31 наурыздағы N 114/15 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 мамырда N 111 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 23 шілдедегі N 38/7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.07.23 N 38/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасы бекітілсін.
      2. Қалалық мәслихаттың 2007 жылдың 24 қазандағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын және кондоминиум объектілерінің ортақ мүліктерін жөндеуге өтемақы беру тәртібі туралы" Ережені бекiту туралы" N 11/2 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілер тіркеу мемлекеттік Реестірінде N 12-2-74 болып тіркелген, 2007 жылдың 29 қараша күні қалалық "Ақжол" - "Новый путь" газетінің 49 нөмірінде жарияланған)
      3. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            А. Титаренко

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Ақсу қалалық мәслихатының
(IV сайланған XV кезектен тыс сессиясы)
2009 жылғы 31 наурыздағы
N 114/15 шешімімен бекітілді

Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет
көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ
мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын
өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің
Қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010.02.17 N 193/24 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" N 2314, "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсету үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері" туралы N 512 қаулыларына сәйкес, 1997 жылғы 16 сәуірдің "Тұрғын үй қатынастары" туралы заңды жүйеде Қағида қабылданды. Бұл Қағидада жүйесі аз қамтамасыздандырылған отбасыларға тұрғын үй көмегі тәртібін анықтайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      шекті жол берілетін шығыстар үлесі – телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының бір айда кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы;
      отбасының жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы алған кірістердің жалпы сомасы;
      кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін күтіп ұстау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
      уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын Ақсу қаласының жергілікті атқарушы органы.
      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Ақсу қаласында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
      тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны жалға алу төлемақысына ақы төлеуге беріледі.
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсалған, осы Қағидамен белгілеген шығыстарының шекті денгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеу сомасы үйдің өткізілген күрделі жөндеудің жалпы сомасын осы үйдегі пәтердің жалпы ауданына бөлу және өтемақы алушының тұрғын үйінің мөлшерін есепке алынып, пәтердің жалпы ауданына көбейту жолымен есептеледі (лифтты ауыстырған немесе жөндегенді есептегенде кіреберісте және тұрғын үйде тұратын жалпы саны бойынша есептеледі).
      3. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
      3.1. Отбасының шекті жол берілетін шығыстар үлесі:
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеуіне отбасының жиынтық кірісінде 10 (оң) пайыз мөлшерінде;
      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, коммуналдық қызметтері мен байланыс қызметтерін тұтынуға отбасының жиынтық кірісінде 7 (жеті) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Стандарттың әлеуметтік нормасыдан (СӘН) артық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға коммуналдық қызметтері мен байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу өтініш білдірушімен жалпы негіздерде жүргізіледі.
      3.2. Тұрғын үй көмегін тағайындағанда тұрғын үйдің меншік иесінің жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы құрамы осы Қағиданың талаптарына сәйкес тұрғын үй көмегі тағайындалатын кезең ішінде азаматтарды тіркеудің кітабы бойынша анықталады.
      Отбасы құрамына қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес тұрғын үйге құқық сақталатын тұлға ұзақ мерзім (үш айдан аса) жоқ болғандар енгізілмейді.
      Егер меншік иесі немесе меншік иесінің біреуі қайтыс болса, тұрғын үй көмегі қайтыс болған күннен 6 (алты) айға дейін, мұрагерлік құқығы күшіне енгізілгенге дейін, отбасының мүшелеріне, тұрғын үй алаңының және коммуналдық қызметтерді тұтыну мөлшерінің шегінде тағайындалады.
      3.3. Келесі нормативтік алаңы қабылданады:
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеуге:
      жалғыз тұратын азаматтарға - 33 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы алаңы), бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кем емес;
      құрамында екі адамы бар отбасына - 50 шаршы метр, бірақ тұрғын үйдің жалпы ауданынан артық емес;
      құрамында үш адамы бар отбасына - 64 шаршы метр, бірақ тұрғын үйдің жалпы ауданынан артық емес;
      құрамында төрт және одан да көп адамы бар отбасыларға - әр адамға 18 шаршы метр, бірақ тұрғын үйдің жалпы ауданынан артық емес;
      отбасының құрамында екі немесе одан да көп адамдар бар 80 жастан асқан қарттарға, ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мүгедектерге және 3 топтағы жұмыс істемейтің мүгедектерге, соның ішінде бала кезінен мүгедектерге - отбасының әрбір мүшесіне 33 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес;
      телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеуге:
      жалғыз тұратын азаматтарға - 33 шаршы метр (тұрғын үйдің жалпы алаңы), бірақ бір бөлмелі пәтердің ауданынан кем емес;
      құрамында екі адамы бар отбасына - 40 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес;
      құрамында үш және одан да көп адамы бар отбасыларға - әр адамға 18 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес;
      отбасының құрамында екі немесе одан да көп адамдар бар 80 жастан асқан қарттарға, ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мүгедектерге және 3 топтағы жұмыс істемейтің мүгедектерге, соның ішінде бала кезінен мүгедектерге - отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метр, бірақ пәтердің жалпы ауданынан артық емес.
      Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соларға теңестірілген адамдарға- тұрғын үйдің жалпы ауқымы.
      Ескерту. 3.3 тармағына өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010.06.09 N 217/26 шешімімен.
      3.4. Келесі электр энергиясын пайдалану мөлшері белгіленеді: 1 адамға – 75 кВт, 4 адамнан артық тұрғанда 50 кВт әр адамға, бірақ отбасына 300 кВттан артық болмауы тиіс.
      3.5. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынуға есептік-нормативтік шығындарды анықтау қаланың халқына коммуналдық қызмет көрсетулерді жеткізушілермен ұсынылатын қызмет көрсетулердің осы түрі үшін тарифтер негізінде аумақтық монополияға қарсы органмен белгіленген тәртіпте жүргізіледі.
      3.6. Мүгедектерді, 80 жастан асқан адамдарды, 7 жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды, ер адамдар - 55 жастан, әйелдер - 50 жастан асқан жұмыс істемейтін тұлғаларды, жұмыс істемейтін жүкті әйелдерді (ауруханадан анықтама тапсыруы бойынша), жұмыс істемейтін 3 топтағы мүгедектерді, сонымен қатар, стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын немесе амбулаторлық емделуде туберкулез немесе онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарды қоспағанда, оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін және жұмыспен қамту уәкілетті органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, 18 жастан асқан еңбекке жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, тұлғалар болса, отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға үміткер бола алмайды.
      Зейнеткерлер кәмелеттік жасқа толған, еңбекке жарамды балаларымен тұратын жұмыспен қамту уәкілетті органдарында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, тұрғын үй көмегін алуға жалғыз тұратын азамат ретінде үміткер бола алады.
      3.7. Егер өтініш білдірушінің еңбек кітапшасы болмаса және  жұмыссыз ретінде жұмыспен қамту уәкілетті органдарында тіркелмеген болса, өтініш білдіруші жұмыс істемейтіндігін жазбаша түрде өтініштің бланкісінде растайды.
      3.8. Өтініш берушіге тұрғын үй көмегін есептеу белгіленген тәртіпте жүргізілетін коммуналдық қызмет көрсетулерді есептеулерге және тұрғын үйді ұстауға шығыстарға сәйкес осы мекен-жайда тұратын және тіркелген отбасының сандық құрамы ескеріле отырып жүргізіледі. Тіркелімдегі тұлғалардың саны коммуналдық қызмет көрсетулерді есептеу жүргізілетін тұрғын үйде нақты тұратын тұлғалардың санымен сәйкес келмеген жағдайда отбасы тұрғын үй көмегін тағайындауға құқығын жоғалтады.
      3.9. Егер тұрғын үй көмегінің есептелген мөлшері 20 теңгеден артық болса, зейнетақы, жәрдемақы және басқа әлеуметтік төлемдерді есептеуге заңнамалармен бекітілген, тұрғын үй көмегінің ең төменгі мөлшері 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен артық болмайды (1 ЕКМ).
      3.10. 80 жастан асқан азаматтарға, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апатты жоюға қатысқандарға, Ауған соғысына қатысқандарға, ең төменгі мөлшерде зейнетақы алатын, жалғыз тұратын зейнеткерлерге, 1, 2 топтағы мұгедектерге және жұмыс істемейтін 3 топтағы мүгедектерге, соның ішінде бала кезінен мүгедектерге, табыстың мөлшеріне қарамастан, үйінің мөлшерін есептеуде және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері 100 пайыз есеппен жылу энергиясына, сумен жабдықтауға, электр энергиясына, лифт қызмет көрсетуіне, тұрғын үйді ұстауға (ПИК), қоқыс шығаруға, телефон үшін абоненттік төлем тарифтерінің көтерілуі табыстың көлеміне сай емес;
      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен ұсынылған тізімдер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соларға теңестірілген адамдарға, сонымен қатар осы мекенжайда тіркелген және бірлесіп тұратын жұбайларына.
      Ескерту. 3.10 тармағына өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010.06.09 N 217/26 шешімімен.
      3.11. Тұрғын үй көмегі, өтініш берген тоқсанның алдындағы, отбасының барлық мүшелерінің табысы саналып, тапсырылған тоқсанның айлары санына тағайындалады (бір айда 15 күннен кем емес).
      Үш айдан кем емес, бірақ осы тоқсан ішінде бір айда 15 күннен артық емес коммуналдық қызметтерге тұрғын үй жәрдемақысын есептеу табыс пен шығын бойынша саралап жүргізіледі. Егер отбасының бір мүшесі, табысы анықталып отырған тоқсанда бір тоқсаннан кем жұмыс істесе, ал айлық орташа табысы еңбек ақысын және басқа табыстарды тоқсандағы айлардың санына бөлу арқылы есептеледі (3 айға).
      3.12. Тұрғын үй көмегі құжаттарды тапсыру уақытына қарамастан бір тоқсан мерзімге алдынғы тоқсанның кірістері бойынша ағымдағы тоқсанға тағайындалады. Тұрғын үй көмегін аудару үшін қызметтердің таңдалуы өтініш берушімен келісімі уәкілетті органмен жүргізіледі.
      Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініштерді қабылдау тоқсанның соңғы айының 25 күніне дейін аяқталады.
      3.13. Өтініш беруші Секторға тұрғын үй көмегін тағайындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы өзгеріс пайда болған күннен бастап 10 күн ішінде хабарлауы тиіс. Тұрғын үй көмегі ретінде заңсыз алынған сомалар заңда белгіленген тәртіппен қайтарылуға жатады.
      Тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берушімен ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына күмән пайда болған жағдайда Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі өтініш иесіне құжаттарды берген тиісті ұйымдарда ұсынылған деректерді (отбасының кірістері мен шығыстары туралы) дұрыстығын салыстырып тексеруге құқылы.
      3.14. Қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеу тұрғын үй көмегінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 қаулысымен бекітілген әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткен үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне отемақы төлеудің Ережесіне сәйкес жүргізіледі.
      3.15. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға ақы төлеуге тұрғын үй көмегі бір жылға тұрғын үй меншік иелерінің жалпы жиналысында қаралған кондоминиумның әр объектісі бойынша жалпы алаңдардың сомасын көрсете отырып, ағымдағы жылға күрделі жөндеудің әр түрі бойынша кондоминиум объектілері қимасында жөндеу жұмыстарының сметалық құнына сәйкес, жылына бір рет тағайындалады. Үй-коммуналдық шаруашылығының саласындағы уәкілетті орган кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеу бойынша жұмысын үйлестіреді.
      Кондоминиум объектісін тіркеу әділет органының құжатымен расталады.

2. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы)уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжатттарды ұсынады:
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
      азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      отбасының табысын растайтын құжаттар:
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған нысаналы жарнаның мөлшері туралы шоты;
      "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісімімен, пәтерлердің меншік иелері мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекітілген кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған шығыстар сметасы негізінде кондоминиум объектісін басқару органы ұсынатын және мөрмен кондоминиум объектісін басқару органы басшысының қолымен расталған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоты;
      коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары;
      телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
      тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.
      Құжаттардың көшірмелері бірінші рет келгенде жылына бір рет тапсырылады.

3. Тұрғын үй көмегін төлеу

      5. "Ақсу қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді жүзеге асырады және екінші денгейдегі банктер арқылы, егер заң бойынша өзгеше көзделмесе ақшасыз есеп-айырысу түрінде коммуналдық қызметтерді мекемелердің немесе кондоминиум объектісін басқару органының ағымдағы есеп шоттарына аударылады.
      5.1. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеу тұрғын үй көмегін төлемі алушылардың жеке шоттарына аударылады.
      5.2. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру, сонымен қатар тиісті жылға қаржыландыру жоспарына сәйкес, бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады