Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасын бекіту туралы" N 114/15 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 9 маусымдағы N 217/26 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 8 шілдеде N 12-2-148 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2013 жылғы 22 қазандағы N 165/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 22.10.2013 N 165/21 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 наурыздағы "Ақсу қаласы бойынша аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсетулерді, байланыс қызмет көрсетулерін тұтынуға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеудің жекелеген түрлеріне шығын өтемақысын төлеу бойынша тұрғын үй көмегінің Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-111 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 мамырда "Ақжол" - "Новый путь" газетінде жарияланған) N 114/15 шешіміне   келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      Қағиданың 3.3 тармағының соңғы абзацы келесі мазмұндағы абзацпен ауыстырылсын:
      "Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соларға теңестірілген адамдарға- тұрғын үйдің жалпы ауқымы";
      Қағиданың 3.10 тармағы келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Ақсу қалалық бөлімшесімен ұсынылған тізімдер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан соларға теңестірілген адамдарға, сонымен қатар осы мекенжайда тіркелген және бірлесіп тұратын жұбайларына."
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Г. Рубцов

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады