Ақсу қаласының білім беру мекемелерінде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы балаларға 2010 жылы қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жүруде жеңілдік беру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы N 182/21 шешімі. Павлодар облысы Ақсу қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда N 12-2-125 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы N 1-11/43 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 11.03.2014 N 1-11/43 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 47-бабының 4 тармағы 1) тармақшасы және 6-бабының 1 тармағы 2) тармақшасы негізінде, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу қаласының білім беру мекемелерінде оқитын және тәрбиеленетін келесі санаттағы балаларға:
      1) аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына;
      2) көп балалы отбасыларының балаларына;
      3) қамқорлықта (қорғаншылықта) және патронатта тұрған балаларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жол жүру жеңілдігі берілсін.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың жоспар және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            С. Гейн

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады