Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Еңбек ауылы халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Мыналарға:
Бірден жиырма алтыншы үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
Жиырма жетіншіден елу бірінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Еңбек селолық округінің әкімі Ғ. Сұлтанов