Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Мыналарға:
Дөнентаев ауылындағы бірден отыз төртінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Баһрам Бегімбетов" атауы;
Сырлы-қала ауылындағы бірден жиырма төртінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Қылыш Бейсебеков" атауы;
Көктерек ауылындағы бірден он төртінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Шоқан Уәлиханов" атауы.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2011.06.14 N 1-10 (жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мәмәйіт Омаров атындағы
селолық округінің әкімі Ж. Қайырханов