Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына сәйкес, Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Евден шағын ауылы тұрғындарының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округі әкімінің 2009 жылғы 22 қазандағы "Ақсу қаласы Мәмәйіт Омаров атындағы селолық округінің Дөнентаев, Сырлы-қала, Көктерек және Евден ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы" N 1-08 шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2009 жылғы 2 желтоқсанда N 12-2-117 болып енгізілді, "Ақжол" – "Новый путь" қалалық газетінде 2009 жылғы 12 желтоқсанда N 94 (783) жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 4—абзацы алынып тасталсын.
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мәмәйіт Омаров атындағы
селолық округінің әкімі Ж. Қайырханов