Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге коммуналды қызметтері мен отемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережелері туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы N 170/16 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 мамырда N 12-3-231 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастүз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 237/19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастүз қалалық мәслихатының 25.12.2009 N 237/19 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 15 тармақшасы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабы 2 тармағы негізінде, аз қамтамасыз етілген отбасыларды (азаматтарды) бюджет қаражаты есебінен қолдау мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. Қоса беріліп отырған Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге коммуналдық қызметтері мен өтемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережелері (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
      2. 1-қосымшаға сәйкес Екібастұз қалалық мәслихатының кейбір шешімдері күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Р. Елубаева

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Ғ. Балтабекова

Екібастұз қалалық мәслихатының
2009 жылғы 25 сәуірдегі   
(ІV шақырылған кезекті ХVІ сессия)
N 170/16 шешімімен бекітілді

Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектілерінің
жалпы мүлкін жөндеуге коммуналдық қызметтері мен
өтемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту бойынша аз
қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін беру ЕРЕЖЕЛЕРІ

      Осы Ережелер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес және әлеуметтік көмек көрсетуде мұқтажданатын халықтың аз қамтамасыз етілген қабаттарды бюджет қаражаты есебінен қолдау мақсатында әзірленді.

1. Негізгі қағидалар

      1. Тұрғын үй көмегі – қала халқының аз қамтамасыз етілген қабаттарына тұрғын үйді (жеке тұрғын үйден басқа) ұстаудың төлемі бойынша шығындарының орнын толтыру үшін, коммуналды қызметтерін тұтыну бойынша және кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге арналған төлем бойынша шығындарды өтеу үшін, ұсынылатын өтемақы.
      Тұрғын үй көмегі халықты әлеуметтік қорғаудың бірден бір түрі болып табылады.

2. Тұрғын үй көмегі көрсетілетін азаматтардың санаты

      2. Тұрғын үй көмегі осы мекенде тұрақты тұратын тұлғаларға, нақты орын иеленген пайдалы көлемдерден көп емес, баспана көлемінің әлеуметтік нормалары шегінде, баспананы ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлеміне арналған шығындар бұл мақсатқа шекті мүмкін болатын шығындар үлесінен асқан жағдайда ғана беріледі.
      Баспананы ұстаудың (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлеміне арналған шекті мүмкін болатын шығындар үлесі отбасының жиынтық табысына аз қамтамасыз етілген азаматтарға, жұмыссыздарға, еңбек өтілімі толық емес, зейнетақысы аз мөлшердегі зейнеткерлерге, 1, 2 - топтардағы мүгедектерге бес пайыз және азаматтардың басқа санаттары үшін жеті пайыз мөлшерінде Екібастұз қаласының басқа да санаттағы азаматтарына бекітіледі, оларға мыналар жатады:
      1) ауқымды мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлер және жұмыс істейтін тұлғалар;
      2) Алынып тасталды - Павлодар облысы Екібастұз калалық мәслихатының 2009.07.27 N 186/17 шешімімен.
      Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге шекті мүмкін болатын шығындар үлесі коммуналдық қызметтері отбасының жиынтық табысына 30 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      100 % өтеумен кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге келесі санаттағы азаматтарға тағайындалады:
      ҰОС қатысушылары мен мүгедектері тұрғын үй иелігі құқығының есебінсіз;
      ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, баспанда немесе балалар үйіндегі (егер тұрғын үй жалға берілмесе) тұрғын үй иесі болып табылатын жетім-балалар.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Екібастұз калалық мәслихатының 2009.07.27 N 186/17 шешімімен.
      3. Тұрғын үй көмегі берілген мекенжайда тіркелген және тұрақты тұратын тұрғын үйдің жекеменшік иесі немесе жалға алушы болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады.
      4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайда, Ереженің 3 - тармағына сәйкес тұрғын үй алуға құқығы бар тұлғалар кондоминиумның жалпы мүлкінен жөндеу шығындарына өтемақы алуға құқылы.
      5. Тұрғын үй көмегін алуға құқықтары жоқ:
      1) жеке меншігінде бір үй-жайдан артық тұрғын-үйдің (пәтер, үй) бір бөлігіне ие болып отырған отбасылары (отбасының бір мүшесі) жалға берушілер;
      2) жұмысқа жарамды отбасы мүшесі істемейтін, оқымайтын, әскери қызметте жоқ және жұмыссыз ретінде тіркелмегендердің отбасылары.
      Бұған қосылмайтындар қатарына: үнемі күтімді керек ететін боп танылған мүгедектерді күтуді жүзеге асыратын тұлғалар; жеті жасқа дейінгі (бір немесе одан да көп) балалардың тәрбиесімен айналысатын тұлғалар; төрт және одан да көп балалардың тәрбиесімен айналысатын көп балалы аналар; соңғы баланың бірінші сыныпты бітіргенге дейін тоғыз жастан аспауы тиіс; жүкті әйелдер; зейнетақы алдындағы жастағы жұмыс істемейтін тұлғалар (зейнетке шығуға екі жыл қалғандар); түберкүлез, жүйке-сана аурулары, онкологиялық диспансерлерде есепте тұрған тұлғалар; барлық топтағы мүгедектер.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау мерзімдері

      6. Баспананы ұстаудың, коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлемі бойынша тұрғын үй көмегі өтініш берген тоқсанның алдағы тоқсанға өтініш беру құқық басталған күннен бастап сол тоқсанға тағайындалады.
      7. Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге өтемақы кондоминиум объектілерін жөндеудің жеке түріне біржолғы көмегі болып табылады.

4. Тұрғын үй көмегінің түрлері мен мөлшері

      8. Тұрғын үй көмегі алушының жазбаша өтінішінде көрсетілген, тауар мен қызметтерді жабдықтаушының жеке шотына қаражаттарды аудару арқылы меншік иесіне есептелінген сомамен салыстырғанда баспананы ұстауға (жеке тұрғын үйден басқа) және коммуналды қызметтерінің төлемдерін азайту ретінде қолма-қолсыз түрде беріледі және қызметтерді жабдықтаушылар арасында тұрғын үй көмегін бөлу әлеуметтік мөлшер шегінде пропорционалды аударылған төлемге жүргізіледі.
      Саналған, тұрғын үйді күту көмегі қызметтерді жеткізушілер арасында тұрғын үй көмегін алушылардың есепшотына телефонның абоненттік төлеміне және кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкінің бөлігін жөндеуге арналған өтемақыға және әлеуметтік нормалар шегінде бөлінген төлемге теңбе-тең бөлінеді.
      Әлеуметтік мөлшер - өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін (мемлекеттік тұрғын үй қорынан бөлген кезде қолданылатын тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы) тұрғын үй алаңының нормасы және Екібастұз қаласында өтініш берудің өткен тоқсаны, осы тоқсаны үшін коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері аясында тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну тәлемақысының шығындары.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті түтынуға жұмсалған есепті-нормативтік шығындарды анықтау аумақтық монополияға қарсы органдар тәртібімен бекітілген, қала тұрғындарының коммуналдық қызметін берушілермен келісілген осы қызмет түріне тарифтер негізінде жүргізіледі.
      9. Көмек мөлшері осы мақсатқа берілген отбасының әлеуметтік нормалар шамасында және шығындардың шекті мүмкін болатын деңгейлерімен меншік иесінің баспананы ұстау мен коммуналды қызметтерді пайдалану үшін нақты төлемі арасындағы айырмашылық сияқты есептеледі.
      10. Тұрғын үй көмегінің мөлшері баспананы ұстау үшін және коммуналды қызметтерге аударылған төлемақы құнынан аса алмайды.
      Баспананы ұстаудың (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) және коммуналды қызметтерді пайдаланудың төлемі, белгіленген нормадан тыс, соның ішінде тағайындау бойынша жалпы негіздерде жүргізіледі.
      11. Көмектің ең аз мөлшері бір тоқсанға айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің жартысынан кем болмауы керек.
      12. Әлеуметтік шаманың төлем ауқымы мына көлемдегі сомалар болып табылады:
      1) жалпы алаңдағы бір шаршы метрлі үйді ұстау (жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) мен жөндеудің әлеуметтік шамасына көбейтілген төлемқұны, отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
      2) жалпы алаңдағы үйдің бір шаршы метріне берілетін жылу қызметі мен жылу жүйелерін ұстау қызметін әлеуметтік шамаға көбейткендегі отбасы құрамына төлем құны, отбасы мүшелерінің санынан шыға келе;
      3) отбасы мүшелері санына көбейтілген ыстық сумен қамтамасыз ету қызметіне төлем құны;
      4) отбасы мүшелеріне көбейтілген күл-қоқыстарды шығару қызметіне төлем құны;
      5) бір адамға шаққандағы отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі су құбыры мен су арнасы қызметінің төлем құны;
      6) отбасы мүшелері санына көбейтілгендегі электр қуатын тұтыну қызметіне әлеуметтік норма мөлшерінде төлем құны (нақты тұтынудан аспайтын);
      7) жалпы үйдің электр қуатын тұтыну және жалпы қолданыстағы жерді жарықтандыру қызметіне төлем құны;
      8) отбасы мүшелеріне көбейтілген бір адамға шаққандағы лифт пайдалану, лифт жарықтандыру қызметіне төлем құны;
      9) телеқатынастың қалалық торабына қосылған телефон үшін абоненттік төлемнің ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтері.
      Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін тұрғын-үй аумағының әлеуметтік мөлшері:
      1) жалғыз басты азаматтар мен бірінші топтағы мүгедектерге – пайдалы алаңның отыз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      2) "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесінде есепте тұрған жалғыз тұратын азаматтарға, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      жұбайы (зайыбы) бірге тұрса – пайдалы алаңнан адам басына он сегіз шаршы метрі есебінен, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес;
      3) екі немесе одан да көп адамнан тұратын отбасыларға - пайдалы алаңның он сегіз шаршы метрі, бірақ бір бөлмелі пәтерден кем емес.
      13. Өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілетін электрқуатты тұтынудың әлеуметтік шамасы адам басына 70 киловатты сағатты құрайды.
      14. Қолданыстағы тұрғын үй заңнамасына сәйкес қосымша аумаққа құқығы бар азаматтар үшін нормативті актілермен белгіленген аумақ мөлшеріне әлеуметтік шама көбейтіледі.

5. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      15. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады.
      Өтініш иесі тұрғын үй көмегін ресімдеу үшін "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне 1 - қосымшаға сәйкес бекітілген үлгіде өтініш береді.
      Өтінішке келесі құжаттар бірге қоса беріледі:
      1) өтініш иесінің сауалнама деректері;
      2) жеке куәлік көшірмесі;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      4) азаматтарды тіркеу кітабі;
      5) пәтерге құқық орнатушы құжат (ордер, жалға алу келісімшарты және т.б, олардың көшірмелері);
      6) отбасы құрамы туралы анықтама (егер пәтер жекешелендірілмеген болса немесе жалға берілмесе тоқсан сайын);
      7) өткен тоқсандағы отбасының қосылған табысы туралы мәлімет;
      8) отбасындағы жұмыс істемейтін, еңбекке қабілетті жастағы мүшелер үшін – жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы анықтама;
      9) оқытудың күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін – оқуға төлеу мөлшерін және стипендия мөлшерін көрсете отырып оқу орнынан анықтама;
      10) өткен тоқсанға баспананы ұстауға және коммуналды қызметтерге төлеу бойынша шоттар-түбіртектер (жеке тұрғын үйден басқа);
      11) меншік құқығында бар баспана бірлігінің саны туралы халыққа қызмет көрсету орталығынан анықтама (жылына бір рет);
      3), 4), 9) тармақтарда көрсетілген құжаттар тұрғын үй көмегі тағайындалғаннан кейін өтініш иесіне қайтарылып беріледі.
      16. Ереженің 12-тармағымен көзделген құжаттардан басқа, кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеу шығындарын өтеу құқығына ие болған тұлғалар, Ереженің 2 - қосымшасына сәйкес белгіленген үлгідегі өтінішпен бірге ұйымдардан, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын кондоминиум объектісі басқармасының басқа да нысандарымен немесе кондоминиумның жалпы мүлкіне жөндеу жұмыстарын жүргізуге бөлігінен мақсатты жиналымдарның мөлшері туралы анықтаманы және төлегені жайындағы түбіртекті қосымша ұсынады.
      17. Кондоминиум объектілерін жөндеуге өтемақы Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер Бөліміне мына құжаттар:
      1) 12 - тармаққа сәйкес азаматтармен құжаттар тізбесі;
      2) "Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылары көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен бекітілген, пәтер бойынша шығындар үлесін анықтаумен кондоминиум объектілерін жөндеуге сметалы құжаттама;
      3) кондоминиум объектілері басқармасы органдарымен жөндеу жұмыстарын өткізуге мердігерлік ұйымдардың көрсетілуімен пәтер иелерінің жиналыс хаттамасының көшірмесі, мақсатты алымның төлемі туралы түбіртек немесе берілген жарнаның мөлшерін көрсетуімен анықтама (табысы жоқ тұлғалар үшін) берілген жағдайда тағайындалады.
      Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге өтемақы тағайындау туралы шешім белгіленген түрде (2-қосымша) және белгіленген тізбеге сәйкес анықтамамен және оларға қоса берілетін құжаттармен өтініш берушінің жазбаша өтініші негізінде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімімен қабылданады.
      Кондоминиум объектілерін жөндеуге шығындар өтемақысы өтініш берушінің жеке шотына ақшалай қаражат аудару түрінде ұсынылады.

6. Қосылған кіріс

      18. Отбасының қосылған кірісіне уақыттың белгіленген кезеңі ішінде ақшалай немесе шынайы түрде алудың көзіне байланыссыз алынған кірістердің барлық түрлері кіреді, соның ішінде:
      1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
      2) тұрғын-үй көмегі;
      3) бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы;
      4) жерлеу рәсімдеріне жәрдемақы;
      5) төтенше жағдайға тап болған тұлғаларға біржолғы материалдық көмек (өрт, пәтер тонауы, ұзақ, бір айдан аса, науқас және т.б).
      19. II және III тоқсанда отбасының жиынтық кірісіне үй алдындағы учаскілерден, бақшалардан (саяжай учаскесінен) түскен кірістер 1 жүздік үшін бір айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, бірақ жалпы сомасы 5 айдан кем емес есептік көрсеткіші есепке алынады.

7. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру

      20. Тұрғын үй көмегіне берілетін төлемақыны қаржыландыру қалалық мәслихатпен бекітілген қалалық бюджеттен алдын ала қарастырылған қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      21. "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі аударылған сомаларды көрсетуімен тұрғын үй көмегін алушылардың тізімін коммуналды қызметтердің кәсіпорын-жабдықтаушыларына қалыптастырады және ұсынады.

8. Тұрғын үй жәрдемақыларының төлемдерін тоқтату

      22. Асыра берілген жалған мәлімет барысында заңсыз төленген көмек үшін меншік иесі 1 жыл мерзімге өз тұрғын-үй көмегінен айрылады, ал заңсыз тағайындалған тұрғын үй жәрдемақысының сомасы күшін жояды немесе сот тәртібінде қайтарылып беруге жатады.

Екібастұз қаласы бойынша
кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін
жөндеуге коммуналды қызметтері мен
өтемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту
бойынша халықтың аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін беру Ережелеріне
1-қосымша              

                                 "Екібастұз қаласы әкімдігінің
                                 халықты жұмыспен қамту және
                                 әлеуметтік мәселелер бөлімі"
                                 мемлекеттік мекемесінің бастығы
                                 ____________________________________
                                 ___________________________________
                                      (Тегі, аты, әкесінің аты)
                                 Мына мекенжай бойынша тұратын:
                                 Екібастұз қ., ____________________
                                 көшесі, N ____ үй,______пәт.
                                 үй тел._____________

Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы өтініш

Мен, ____________________________________________________________
      (Жалдаушының (баспананың меншік иесінің) аты-жөні, туған жылы)

Менің ____________________________________________ мекенжайы бойынша _____ адамнан тұратын отбасыма, тұрғын үйді күтуге, тұтынылған коммуналды қызметтері мен байланыс қызметтеріне, телекоммуникацияның қалалық жүйесіне қосылған, телефонның абоненттік төлемі тарифінің көтерілуіне өтемақы бойынша шығындарды өтеуге тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесімен таныстым.
200_____жылғы______тоқсанға тағайындалған тұрғын үй көмегінің аударылған сомасын келесі тәртіпте жіберуіңізді сұраймын:

Р/с N

Қызмет түрлерінің атауы

Сомасы

1

Тұрғын үйді ұстау______________________________
             (ПИК атауы)


2

Жылу қуаты, ыстық су, жылу жүйесі


3

Суық су, канализация


4

Электр қуаты


5

Жалпы үй электр желілерін ұстау


6

Жалпы пайдалану орындарын жарықтандыру


7

Қоқыстар шығару


8

Лифт, лифтіні жарықтандыру


9

Абоненттік төлем



Басқа да қызмет түрлері



Барлығы:


Өтінішке жауап бергенге қанағаттандым, қанағаттанбадым (керегін сызу керек).
Жазбаша ескертуге мұқтажбын, мұқтаж емеспін (керегін сызу керек).

      ________________                     __________________
          (күні)                                 (қолы)

Екібастұз қаласы бойынша
кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін
жөндеуге коммуналды қызметтері мен
өтемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту
бойынша халықтың аз қамтамасыз етілген
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
көмегін беру Ережесіне
2-қосымша            

                                 "Екібастұз қаласы әкімдігінің
                                 халықты жұмыспен қамту және
                                 әлеуметтік мәселелер бөлімі" ММ
                                 бастығы
                                 ___________________________________
                                 ___________________________________
                                       (Тегі, аты, әкесінің аты)
                                 Мына мекенжай бойынша тұратын:
                                 Екібастұз қ.,_______________көшесі,
                                 N ____ үй, _____пәт. үй тел.________

Кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге
арналған өтемақылар аударуға өтініш

Мен, ____________________________________________________________
   (Жалдаушының (баспананың меншік иесінің) аты-жөні, туған жылы

Менің _________________________________________ мекенжайы бойынша _______ адамнан тұратын отбасыма, кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге арналған өтемақыларды өтеу үшін тұрғын үй көмегін тағайындауды сұраймын.
      Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережесімен таныстым.
      Қажетті құжаттарды қоса беріп отырмын, аударылған өтемақы сомасын ____________________________________,
        (Казпошта АҚ, банк бөлімшелері)
_______________________________________ шотына аударуды сұраймын.

      _________________                     _____________________
           (күні)                                 (қолы)

Екібастұз қалалық мәслихатының
2009 жылғы 25 сәуірдегі
(ІV шақырылған кезекті ХVІ сессия)
N 170/16 шешіміне
N 1 қосымша     

Екібастұз қалалық мәслихатының күшін жойды деп тануға
жататын кейбір нормативтік-құқықтық актілерінің тізбесі

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (ІІІ шақырылған ХІІІ сессия) "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру ережелері туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 2987 тіркелген, 2005 жылғы 21 сәуірде "Отарқа" газетінде N 17, 2005 жылғы  21 сәуірде "Вести Экибастуза" газетінде N 16 жарияланған) N 3.174 шешімі.
      2. Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 27 мамырдағы (ІV шақырылған VІІ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (ІІІ шақырылған ХІІІ сессия) "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ережелері туралы" N 3.174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-3-175 тіркелген, 2008 жылғы 19 маусымда "Отарқа" газетінде N 25, 2008 жылғы 19 маусымда "Вести Экибастуза" газетінде N 25 жарияланған) N 79/7 шешімі.
      3. Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 1 шілдедегі (ІV шақырылған кезекті VІІІ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (ІІІ шақырылған ХІІІ сессия) "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ережелері туралы" N 3.174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-3-181 тіркелген, 2008 жылғы 17 шілдеде "Отарқа" газетінде N 29, 2008 жылғы 17 шілдеде "Вести Экибастуза" газетінде N 29 жарияланған) N 92/8 шешімі.
      4. Екібастұз қалалық мәслихатының 2008 жылғы 16 қыркүйектегі (ІV шақырылған кезекті ІХ сессия) "Екібастұз қалалық мәслихатының 2005 жылғы 25 наурыздағы (ІІІ шақырылған ХІІІ сессия) "Екібастұз қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ережелері туралы" N 3.174 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-3-202 тіркелген, 2008 жылғы 6 қарашада "Отарқа" газетінде N 45, 2008 жылғы 6 қарашада "Вести Экибастуза" газетінде N 45 жарияланған) N 102/9 шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады