Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі (IV шақырылған кезекті XVI сессия) "Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге коммуналдық қызметтері мен өтемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережелері туралы" N 170/16 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 27 шілдедегі N 186/17 шешімі. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 тамызда N 12-3-240 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен

     Ecкерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 21.08.2014 N 258/31 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес және қала бюджеті қаражаты есебінен табысы аз отбасыларды (азаматтарды) қолдау мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі (ІІІ шақырылған ХІІІ сессия) "Екібастұз қаласы бойынша кондоминиум объектілерінің жалпы мүлкін жөндеуге коммуналдық қызметтері мен өтемақыны пайдалану, тұрғын үйді күту бойынша табысы аз отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін беру Ережелері туралы" (нормативтік құқықтық актілер Тізілімінде N 12-3-231 тіркелген, "Отарқа" газетінде 2009 жылғы 28 мамырдағы N 22, "Вести Екибастуза газетінде 2009 жылғы 28 мамырдағы N 22 жарияланған) N 170/16 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Ереженің 2-тарауының 2-тармағындағы 1-тармақша келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1) ауқымды мөлшердегі зейнетақы алатын зейнеткерлер және жұмыс істейтін тұлғалар";
      2) 2-тарауы 2-тармағының 2-тармақшасындағы 1 азатжолы алынып тасталсын.
      2. Нақты шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

      Сессия төрағасы
      Қалалық мәслихат
      хатшысы

М. Базарбаев
 
Ғ. Балтабекова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады