Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылға арналған Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек туралы" N 68/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 29 маусымдағы N 353/7 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 14 шілдеде N 12-3-235 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 5 мамырдағы N 3-05/74 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.07 N 3-05/74 хаты).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына сәйкес және қаланың кейбір атқарушы органдарының құрылымында кадрлық өзгерістердің болуына байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 ақпандағы "2009 жылғы Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің N 12-3-217 Тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 12 ақпандағы N 7 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 2 маусымдағы N 316/6 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің N 12-3-232 Тізілімінде тіркелген және 2009 жылғы 11 маусымдағы N 24 "Отарқа" және 2009 жылғы 18 маусымдағы N 25 "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған), N 68/2 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) Екібастұз қаласының жекеленген санаттағы азаматтарына әлеуметтік көмек тағайындау бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
      Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып;
      Балтабай Құдайбергенұлы Шахметов, "Екібастұз қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      2) Комиссия құрамынан Айзада Амангелдіқызы Құрманова, Айнагүл Амангелдіқызы Құрманова шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласының өкімі                  Н. Нәбиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады