Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.04 N 396/5 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және кейбір мемлекеттік органдардың құрылымында болған кадрлық өзгерістерге байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы N 261/5 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің N 12-3-230 Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырдағы N 21 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің N 12-3-213 Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 754/12 қаулысына (бұдан әрі – Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
Сансызбай Сапарұлы Төлеубаев, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, Комиссия төрағасы болып алынсын;
2) комиссия құрамынан: Айзада Амангелдіқызы Құрманова шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екiбастұз қаласы әкiмiнiң орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Екібастұз қаласының әкімі Н. Нәбиев