Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" N 754/12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы N 799/12 қаулысы. Павлодар облысы Екібастұз қаласының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 желтоқсанда N 12-3-248 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 4 мамырдағы N 396/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2010.05.04 N 396/5 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңына   сәйкес, әрі кейбір мемлекеттік органдардың құрылымында болған кадрлық өзгерістерге байланысты, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 6 мамырдағы (нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің N 12-3-236 Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 23 шілдедегі N 30 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 261/5 қаулысымен, Екібастұз қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 30 маусымдағы (нормативті-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеудің N 12-3-230 Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 мамырдағы N 21 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 355/7 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі туралы" (нормативті-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің N 12-3-213 Тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 "Отарқа" және "Вести Екибастуза" газеттерінде жарияланған) N 754/12 қаулысына (бұдан әрі–Қаулы) келесі өзгерістер енгізілсін:
      1) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу бойынша комиссия құрамына (бұдан әрі – Комиссия):
      2) Жаңылсын Ералықызы Хамитова, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Комиссия мүшесі болып;
      Кенжебек Дүйсенбайұлы Дүйсенбаев, "Екібастұз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, Комиссия мүшесі болып;
      Сара Кеңеспайқызы Мұстафина, жұмыспен қамту секторының меңгерушісі, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;
      Айгүл Әнуарбекқызы Әлімова, жұмыспен қамту секторының бас маманы, Комиссия хатшысы болып енгізілсін;
      3) Комиссия құрамынан: Ерлан Мақсұтұлы Қабдылов, Өтен Борамбайұлы Тоқуров, Татьяна Алексеевна Тарасова, Светлана Васильевна Ткачева шығарылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің  орынбасары С.С.Төлеубаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Екібастұз қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Н. Дычко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады