Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 10 наурыздағы N 65 "2009 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 189 қаулысы. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 8 желтоқсанда N 12-4-71 тіркелген. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 17 ақпандағы N 26/1-28/73 хаты)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2011.02.17 N 26/1-28/73 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергіліктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-тармақшасына сәйкес, жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 10 наурыздағы N 65 "2009 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" қаулысымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-4-60 болып тіркеліп, 2009 жылғы 23 мамырдағы N 22 "Ауыл тынысы–Пульс села" аудандық газетінде жарияланған) бекітілген Нұсқаулыққа келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2 тармақ мынадай мазмұндағы 31 тармақшамен толықтырылсын: "нұсқаулықтың 2 тармағында көрсетілген азаматтардың өтініштері бойынша біржолғы көмек";
      4 тармақ 28) тармақшамен толықтырылсын 2 тармақтың 31) тармақшасында көрсетілген санаттарға – аудан әкімі атына жазған өтініш, жеке куәліктің көшірмесі салық төлеушінің тіркеу нөмірі, есеп шот нөмірі, әлеуметтік жеке код, ұлы отан соғысына қатысушылар мен оларға тенестірілгендерге ардагерлер кеңесінің қолдау хаты, кемістік актісі, смета, орындалған жұмыстардың актісі, тұрғын үй тексеру актісі, кірістері жөніндегі анықтама, мал дәрігерінең анықтамасы, сатып алынатын малдың паспорты, малды сатып алу және сату келісім шарты";
      5 тармақты қосымша 30 тармақшамен толықтыру 2 тармақ 31) тармақшада төлем халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары бойынша комиссияның шешіміне сәйкес";
      5 тармақтың 8) тармақшасындағы "электрлік жылыту" сөзі "электрлік жылытуды орнату" сөзімен ауыстырылсын.
      2. "Ақтоғай ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Жергіліктi өкілетті органдар шешімі бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетудің" 007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы бөлу шегінде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.З. Ысқақоваға міндеттелсін.

      Аудан әкімі                                М. Көбенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады