Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің өтуіне байланысты (Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 03.03.2014 N 205 хатымен).
2008 жылғы 4 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасы Бюджеттік Кодексінің" 56-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі "Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы" Қаулысына сәйкес және әлеуметтiк төлем алуға құқылы азаматтар санаттарын анықтау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтiк төлем алуға құқылы келесі азаматтар санаттары бекітілсін:
1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
2) онкология ауруынан емделуді қажет ететін азаматтар;
3) табыстары азық-түлік себетінің мөлшерінен аспайтын азаматтар;
4) табыстары азық-түлік себетінен аспайтын аз қамтамасыз етілген азаматтар, зейнеткерлер және 1, 2 топтағы мүгедектер;
5) Чернобыль атом электростанциясы апатының зардабын жоюға қатысушылар және Ауған соғысының жауынгерлері;
6) атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушы аз қамтамасыз етiлген және көп балалы отбасындағы 18 жасқа дейінгі балалар, жетім балалар, ата–аналардың қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балалар;
7) орта мектептердің түлектері - облыс әкімінің гранты бойынша ауданға қажет педагогикалық кадрлар, медициналық қызметкерлер және басқа да мамандарды дайындау үшін жоғары оқу орындарында оқыту үшін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы, ата-аналар қамқорлығынсыз қалған жетімдер;
8) табысы күнкөрістің ең төмен деңгейінен аспаған аз қамтамасыз етілген отбасындағы студенттер және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетімдер – ауданға қажет педагогикалық кадр, медициналық қызметкер және басқа да мамандарды дайындау үшін;
9) Ұлы Отан соғысы ардагерлерi мен мүгедектерi;
10) Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестiрiлгендер:
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда мінсіз жауынгерлік қызмет және жанкешті еңбегі үшін бұрынғы КСРО орденімен және медалімен марапатталған тұлғалар;
қайтадан неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қайтыс болған жауынгерлердің жесірлері;
бейбіт өмірде қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қайтадан неке құрмаған жесірлері;
гетто және шоғырландыру лагерлердің тұтқындары;
11) Алынып тасталды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.10.21 N 187/36 (жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен;
12) Ақтоғай ауданында тіркелген "Ақтоғай ауданының туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесінде тіркеуде тұрған туберкулезбен ауыратындар және оқу орындарында анықталған туберкулезбен ауыратын жоғары оқу орындарынының және колледж студенттері;
13) үш тарапты келісімшарт жасасқан жоғары медициналық оқу орындарының соңғы курс және интернатура студенттері;
14) балалық сал ауруымен ауыратын мүгедек-балалары бар отбасылары;
15) жерлеу үшін табысына және отбасы құрамына тәуелсіз келесі санаттағы азаматтардың (зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы тұлғалардан басқа) отбасылары;
жұмыспен қамту орталығында тіркеуде тұрған жұмыссыздар;
жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына қарамастан зейнетақылық жасқа дейінгі жұмыс істемегендер:ер азаматтар - 60 жастан, әйел адамдар 55 жастан;
жұмыспен қамту ұйымдарында тіркеуде тұрғанына және жасына қарамастан жұмыс істемеген Ауған соғысының іс-әрекетіне қатысушылар, Чернобыль атом электростанциясының апатын жоюға қатысушылар;
16) табысына тәуелсіз балалық шағынан 18 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелеуші отбасылары;
17) облыс әкімінің гранты бойынша оқыған аз қамтылған отбасы балаларынан басқа, ағымдағы жылы ауданға жұмысқа орналасуға келген жоғары медициналық оқу орындарының түлектері және мамандықтары бойынша жұмысқа орналастырылған жас мамандар;
18) табысына қарамастан өрт, су тасқыны және басқа апаттық жағдайлардан үй жиһаздарының, киім-кешектердің, пәтерлердің, мал ұстайтын қыстық тұрғын жайлардың толық немесе жартылай бүлінуінен өмір сүру үшін қаражатсыз қалған тұлғалар (бұрын алған бір жолғы көмекке қарамастан);
19) аз қамтамасыз етілген азаматтар:
жеке шаруашылығын дамыту мақсатында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын алушылар санатындағы азаматтар;
жеке шаруашылығын дамыту, мал және қатты азық сатып алу мақсатында табыстары азық-түлік себетінен аспайтын азаматтар;
20) аз мөлшерде зейнетақы алушы зейнеткерлер;
21) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жолдамасы бойынша кәсіби техникалық оқу мекемесінің оқушылары;
22) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар және барлық топтағы мүгедектер;
23) 18 жасқа дейінгі жетім балалар, ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар, жоғары оқу орындарын және колледждерді бітіргенге дейін жоғары көрсетілген санаттағы студенттер;
24) бейбіт өмірде қайтыс болған әскери қызметкерлерінің отбасылары;
25) жалғызілікті зейнеткерлер;
26) уақытында, 12 аптаға дейін емдеу мекемесіне жүктілігі бойынша тіркеуге тұру үшін жүгінген жүкті әйелдер;
27) қант диабетімен ауыратын азаматтар;
28) 1 жасқа дейін кеуде сүтiмен емiзу жасындағы балалары бар аналар;
29) Астана қаласына саяхаттық сапарға баруға ҰОС және еңбек ардагерлері, тыл еңбеккерлері.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық мәслихатының 2011.10.21 N 187/36 (жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. 2009 жылғы 25 желтоқсандағы аудандық мәслихаттың (ІV шақырылым, ХІХ сессия) "2010 жылы жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету туралы" N 105/19 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтоғай аудандық мәслихаттың әлеуметтік сала және заңдылық мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Сессия төрағасы Ж. Ағамбаев
Мәслихат хатшысы Т. Мұқанов