Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" Заңының 14-бабы, 4 тармағына сәйкес және Жаңатап, Жаңабет, Естай, Шоқпар, Әбжан ауылдары тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
1. Жаңатап ауылындағы атауы жоқ N 1 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Мектеп" атауы берілсін;
Жаңатап ауылындағы атауы жоқ N 2 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Орталық" атауы берілсін;
Жаңатап ауылындағы атауы жоқ N 3 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Жағалау" атауы берілсін.
2. Жаңабет ауылындағы атауы жоқ N 1 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Мектеп" атауы берілсін;
Жаңабет ауылындағы атауы жоқ N 2 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Орталық" атауы берілсін;
Жаңабет ауылындағы атауы жоқ N 3 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Ертіс" атауы берілсін.
3. Естай ауылының атауы жоқ көшесіне "Мектеп" атауы берілсін.
4. Шоқпар ауылының атауы жоқ көшесіне "Шоқпар" атауы берілсін.
5. Әбжан ауылындағы атауы жоқ N 1 кіреберіс жолдан бастап "Мектеп" атауы берілсін;
Әбжан ауылындағы атауы жоқ N 2 көшесіне кіреберіс жолдан бастап "Ертіс" атауы берілсін.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Мүткенов ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы Г. Жекенова