Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2012.03.19 N 95/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабының 2), 11) тармақшаларына сәйкес, тұрғындарды жұмыспен қамтуға әрекеттесу бойынша шараларды ұлғайту мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жастардың - бастауыш, орта және жоғары кәсіби оқу орындарының түлектерін әлеуметтік қорғауы бойынша қосымша шаралар ретінде – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыруы белгіленсін.
2. "Ертіс ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - Өкілетті орган) Жастар тәжірибесіне жіберу үшін еңбек нарығындағы жағдайды және жұмыссыз жастардың құрамын ескере отырып, бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының (бұдан әрі - кәсіби оқу орындары) жұмыссыз түлектерінің санын анықтасын.
3. Өкілетті органға аудандық кәсіпорындар мен ұйымдарда (бұдан әрі - жұмыс беруші) меншік түріне қарамастан, (келісім бойынша) Жастар тәжірибесін ұйымдастыру және өткізу ұсынылсын. Өкілетті орган жұмыс берушілермен келісім шарт негізінде өзара қатынасады. Келісім шарт жұмысқа қабылданатын жұмыссыздар санын, кәсіптер тізімін (мамандықтарды), қажет болған жағдайда қосымша кәсіби қайта даярлауын, Жастар тәжірибесіне қатысушыларды олардың мамандықтарына сәйкес қосымша кәсіби біліммен қамтамасыз етуді қарастырады.
Жұмыссыз-кәсіби оқу орындарының түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуды тілеген жұмыс беруші Жастар тәжірибесі шегінде өкілетті органмен сәйкес келісім шарт жасайды.
4. Жастар тәжирибесінде оқу орнын бітіргеннен кейін он екі ай бойы оқыған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибелері жоқ, кәсіби оқу орындарының түлектері қатысуға құқылы.
Жастар тәжірибесін өту мерзімі алты айдан аспауы керек.
5. Жастар тәжірибесін өткізуге бағытталған шаралардың қаржыландырылуы жергілікті бюджет қаражатынан, республикалық бюджеттің мақсатты трансферттерінен жүзеге асырылады.
Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбек ақы төлемдері нақты жұмыс істеген уақытына 15000 (он бес мың) теңге көлемінде жасалады.
Атқарылатын жұмыстардың санына, сапасына және қиындығына байланысты, кәсіпорында және ұйымдарда қолданылатын санаулар бойынша нақты істеген жұмысы үшін, өз қаражаты есебіне қосымша үстемақы белгілеуге құқылы.
6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7. Ертіс ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 20 мамырында қабылданған "Бастауыш және жоғарғы кәсіби оқу орындарының түлектері үшін жастар тәжірибесін ұйымдастыру Ережелері туралы" N 193/5 қаулысының күші жойылсын.
8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко