Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2010.02.25 N 68/1 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, ауданның жекелеген санатына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылдың 10 сәуірдегі аудан әкімінің қаулысымен бекітілген жеке санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқауын (мемлекеттік реестрде 12-7-84 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 7 мамырдағы N 36-37-38 "Ертіс Нұры" газетінде жарияланған) осы қаулының қосымшасы негізінде "Әлеуметтік төлемдер мөлшері" 3.1 бөлімімен толықтырылсын.
2. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 27 мамырындағы "Жеке санатты азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау және төлем мөлшері жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы" N 201/5 және 2009 жылғы 8 қыркүйегіндегі "Ертіс ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі "2009 жылға арналған жеке санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік төлемдерді тағайындау жөніндегі Нұсқауын бекіту туралы" N 128/4 Қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 311/8 қаулыларының күштері жойылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін, 10 күнпарақ күні өткен соң күшіне енеді және 2009 жылы 1 қаңтарда пайда болған құқықтық қатынасқа таратылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау және оны үйлестіру жұмыстарын жүзеге асыру аудан әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары А.Т. Тілеуоваға жүктелсін.
Аудан әкімі В. Левченко
Аудан әкімінің қаулысына қосымша
N 327/9 2009 ж. 24 қыркүйек
3.1. Әлеуметтік төлемдердің мөлшері
3.1. 2–ші тармақтың тармақшасында көрсетілгендей азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлем мөлшері тағайындалады:
1) аз қамтамасыз етілген азаматтар, оралмандар, бас бостандығынан айыру орындарынан оралған тұлғалар үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) емделуге мұқтаж аз қамтамасыз етілген азаматтар:
табысына тәуелді емес, онкологиялық аурулары мен жұқтырылған қорғаныш тапшылығынан азап шеккен тұлғаларға - 7,9 АЕК мөлшерінде;
табысына тәуелді емес көру шырағы бойынша 1-топтағы мүгедектеріне - 4 АЕК;
орта есеппен жан басына шаққандағы табысы азық–түлік себетінің құнынан төмен, созылмалы ауру түрімен ауыратын тұлғаларға – 4 АЕК;
3) жылдық жазылымға - аудандық газетіне, облыстық газетіне "Наш край", "Сарыарқа самалы" және "Звезда прииртышья", республикалық газеттеріне "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" - баға бойынша;
4) бір адамға аптасына бір рет жергілікті моншаға баруға, шаштаразда және үйде шашын қиюға – нақты құны бойынша;
5) аталып өтетін мерекелік күндеріге "Жаңа жыл", "8 Наурыз", " Наурыз мейрамы", "Қарттар күні", "Тәуелсіздік күні": - көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
6) Аудан әкімінен 8 наурыз күніне - "Алтын алқа" "Күміс алқа" алқаларымен марапатталғандарға, көпбалалы аналардың отбасыларына /4 және одан көп/ - 2 АЕК мөлшерде;
7) көпбалалы "Алтын алқа" алқаларымен марапатталған аналарға - 1,6 АЕК мөлшерінен көп емес, "Күміс алқа" - көп дегенде 1,2 АЕК мөлшерінде;
8) Жаңа жылға, Балаларды қорғау күніне және Мүгедектер күніне – аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына, толық жетімдерге, мүгедек-балаларға – көп дегенде 2,4 АЕК мөлшерде;
9) Атаулы әлеуметтік көмек алушылар, аз қамтамасыз етілген отбасылар және ата – анасының қамқорынсыз қалған орта мектептің түлектеріне жоғары оқу мекемелерінде /бұдан әрі – ЖОО/ 1, 2, 3, 4, 5, 6, курстарында оқу үшін және студенттерге интернатура өткен кезде жасалған келісімшарт бойынша толықтай оқу төлемі бойынша, тұру үшін айсайынғы төлем, тамақтану мен тұратын жерге дейін жолақысы - 5,9 АЕК мөлшерінде:
10) 9, 10 тармақшаларында көрсетілген аз қамтамасыз етілген отбасының студенттеріне тұрып жатқан жеріне, тамақтануына және тұрып жатқан мекенжайына барып тұруына, ай сайынғы төлемақы - көп дегенде 5,9 АЕК мөлшерінде:
11) Ай сайынғы көмек;
ҰОС-ның ардагерлері мен мүгедектерге айсайын дәрі-дәрмек алуына көмек - 1 АЕК мөлшерде;
б)аудан әкімінен Жеңіс күніне орай сыйлық - көп дегенде 7,9 АЕК мөлшерде;
в) тұрғын-үй жөндеуге - көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
телефонның абоненттік төлемақысына - ауданның байланыс торабы телекоммуникациясының белгілеген мөлшерлік бағасы бойынша;
жолақы билетінің бар екендігіне тәуелді емес, ААҚ-ы "Ертіс ЖАКТК" анықтамасы бойынша, жылына бір рет, облыс орталығына дейін және кейін қайтуына жолақысының төлемі - 1 АЕК мөлшерде;
жолақысының құжаттары бойынша, республикалық госпиталға баруына жолақысының төлемі;
тістерін протездеуге - 11,8 АЕК;
бір мәртелік материалдық көмек – көп дегенде 0,8 АЕК мөлшерде;
12) жаңа оқу жылына қарсы аз қамтамасыз етілген отбасының балаларына - бір балаға - көп дегенде 11,8 АЕК мөлшерде;
13) Қарттар күніне 80-89 жастағы зейнеткерлерге – көп дегенде 1,6 АЕК мөлшерде, 90 - 99 жастағы – көп дегенде 2 АЕК мөлшерде, 100 және одан асқан жастағы - көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
14) Құрметті азаматтар ішінен зейнеткерлерге - "Конституция күні" "Наурыз мейрамы", "Республика куні", "Тәуелсіздік күні" - 5 АЕК мөлшерде;
15) Туберкулез ауруымен ауыратындарға - Қазақстан Республикасы шеңберінде денсаулық сақтау департаментінің жолдауы бойынша төлемге, жол құжаттарына сәйкес, облыс шеңберінде дәрігердің жолдауы бойынша емделуге баратын жолақының құны;
16) ЧАЭС апатын жою мен Ауған соғысына қатысқандарға тоқсан сайын сауықтыруына көмек – 2 АЕК мөлшерде, 7-ші мамырға - көп дегенде 4 АЕК мөлшерде, Ауған соғысына қатысқандарды Ауған жерінен әскерлерді шығару күніне орай - 5 АЕК мөлшерде,Жеңіс күніне,Ауған соғысына қатысқандарға - көп дегенде 1,6 АЕК мөлшерде;
17) Кәсіби оқуына жолдама алғандарға – бір айға:көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
18) өкпе ауруымен ауырғандардың жақсы тамақтануына - көп дегенде 23,6 АЕК мөлшерде;
19) отбасы мүгедек балаларының БЦС ауруымен ауырғандарға - отбасының табысына тәуелді емес, облыс оңалту орталығына жөнелтуге - 7,9 АЕК;
20) азаматтарды санаториялық емделу курортына жөнелтуге жолақысына төлем:
Ардагерлер үйіне - 1,6 АЕК мөлшерінде;
Мойылдыға - 1,6 АЕК мөлшерінде;
Жеке батырға - 7,9 АЕК мөлшерінде;
Алматыға - 11,8 АЕК мөлшерінде;
21) Отбасының құрамы мен кірісіне қарамастан жерлеуге - 23,6 АЕК мөлшерінде, келесі санатты азаматтарға:
жұмыссыздар, жұмыспен қамту орталығында тіркелгендер;
жұмыс істемеген Зейнеткерлік жасқа толмаған 60 жастағы ер адамдар мен 55 жастағы әйел адамдарға;
жасына және жұмыспен қамту орталығында тіркелгеніне тәуелді емес, жұмыс істемеген ЧАЭС апатын жою және Ауған соғысына қатысқандарға;
онкологиялық, өкпе ауруымен және жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі ауруынан қайтыс болғандарға;
жедел қызметтегі, әскери қызметте қайтыс болғандар;
балалар және 18 жастан 23 жасқа дейінгі тұлғаларға;
22) 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды тәрбиелейтін жалғыз басты аналарға – 4 АЕК мөлшерде;
23) бір жолғы қосымша төлемақы, Республикалық бюджеттен бөлінген қаражатты есептемегенде: жас мамандардың мамандығы бойынша орналасқан мұғалімдерге – ЖОО бітіргендерге – 8,6 АЕК мөлшерде; дәрігерлерге - ЖОО бітіргендерге - көп дегенде 87,1 АЕК;
24) кәмелет жасқа толмаған балалар - әр түрлі себептермен ата-аналары мен туыстары жағынан қамқорынсыз және қамқорлықсыз, тұрақты мекен - жайсыз және қорғаншыларсыз қалғандарға - тоқсан сайын материалдық көмек – көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
25) өрт кесірінен өмір сүру жағдайы жоқ, кездейсоқ апат, сәтсіз оқиға, төтенше жағдайлар кезіндегі ішінара пәтердің, киімдердің, үй заттарының зақымдауына бір мәртелік материалдық көмек - 23,6 АЕК мөлшерде;
26) көпбалалы отбасылардың және АӘК пен БЖ алушылардың ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтарға бір мәртелік әлеуметтік көмек – 62,9 АЕК астам, жеке шаруашылығы мен бизнесін және бақшашылық пен құс шаруашылығын дамытуға - көп дегенде 31,5 АЕК мөлшерде;
27) жеке санаттағы азаматтарына турғын үй коммуналдық қызмет көрсету төлемі бойынша материалдық көмек:
ҰОС, чернобылшыларға, ауған соғысына, Ленинград қорғау, Венгер соғысына қатысушыларына, концлагер тұтқындарына - ай сайын 2 АЕК мөлшерде;
жалғыз және жалғыз басты тұрып жатқан (ерлі – зайыптының біріне) зейнеткерлеріне ең аз мөлшерде алатын зейнетақыға – тоқсан сайын – 2 АЕК мөлшерде;
28) бас бостандығының айыру орындарынан босап келген тұлғаларға – бір мәртелік материалдық көмек – көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
29) әскери қызметін атқарып келген әскери қызметшілеріне – көп дегенде 4 АЕК мөлшерде;
30) ҰОС-на қатысушылар мен ҰОМ-не электр қазандығын орнату, ауызсу және су жүйелерін өткізулеріне бір мәртелік материалдық көмек – шығындану факті бойынша;
31) соғыста қайтыс болған соғыс мүгедектердің қайта неке құрмаған жұбайларына телефон құруға бір мәртелік материалдық көмек - шығындану факті бойынша;
32) тұратын жері тұрақсыз тұлғаларды үш ай бойы 5 АЕК мөлшерде, үш реттік ыстық тамақпен тамақтандыру;
33) диспансерлік тіркеуге уақытылы тұрған жүкті әйелдерге жекелеген материалдық көмек - 4 АЕК мөлшерде;
34) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде тіркелген, жұмыссыздардың ішінен аз қамтамасыз етілген азаматтар еңбек реабилитацияны өткен кезеңде, бақшалық пен құс шаруашылығын дамытуға - 30 АЕК мөлшерде бір жолғы материалдық комек.
35) қайталап неке құрмаған Ұлы Отан соғысында қаза болған, жесірлеріне соғыс мүгедектердің жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы кезіңде Қайсарлы еңбегі үшін марапатталған тыл еңбеккерлеріне, концлагерь тұтқындарына, блокада Ленинградтың тұрғындарына Жеңіс Күніне орай жекелеген материалдық көмек - 2 АЕК мөлшерде.
36) аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бала тағамын сатып алу үшін, ай сайын - 2 АЕК мөлшерде.