2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 23/1 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 68 тіркелген. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.03.29 N 30/1-31/139 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.03.29 N 30/1-31/139 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына сәйкес, ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер жөніндегі нұсқаулық бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
      2. Качир ауданының қаржы бөлімі ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдерді қаржыландыруды бюджеттік қаржы шегінде қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы ресми түрде жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Г.Е. Біләлеваға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов

Качир ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 29 қаңтардағы
N 23/1 қаулысымен  
бекітілген   

2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының
жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер
жөніндегі нұсқаулық 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабының 1-тармағына 17-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 16-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi және соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20-бабына сәйкес 2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер шарттарын нақтылайды.
      2. Азаматтарға әлеуметтiк төлемдерді қаржыландыру аудандық бюджеттен жүргізіледі.

2. Әлеуметтiк төлемдерге құқығы бар
азаматтардың санаттары

      3. Әлеуметтiк төлемдер алуға құқығы барлар:
      1) Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен қатысушылары - Жеңiс Күнi қарсаңында;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – ай сайын тұрғын үй - коммуналдық қызметке (сумен жабдықтау, жылумен, электрэнергиясымен жабдықтау, қатты отын сатып алу, телефон) және дәрі-дәрмек сатып алуға;
      3) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Ауғанстандағы әскери әрекеттер кезеңінде қатысқан адамдар және Чернобыль атомдық электрстанциясындағы (АЭС) апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға тістерін протездеуге;
      4) ЖҚТБ-мен, қатерлі ісікпен ауыратындар;
      5) туберкулезбен ауыратындар;
      6) ауданға жұмысқа келген салалы министрлiктердiң, департаментттердiң, ЖОО-ның жолдамасымен жоғары оқу орнын бiтiрген жас мамандар – ЖОО-ның түлектері;
      7) "ауданның құрметтi азаматы" атағына ие тұлғалар;
      8) тұрғын үй коммуналдық (сумен жабдықтау, жылумен, электр энергиясымен жабдықтау, қатты отын сатып алу) қызметтерге жалғызілікті және жалғыз тұратын, еңбекке жарамсыз қарт азаматтарға және зейнетақының ең аз мөлшерін (9875 теңге) алатын зейнеткерлерге -  тоқсан сайын;
      9) Чернобыль АЭС-індегі апат зардаптарын жоюға қатысқан адамдарға - Жеңіс Күнi қарсаңында;
      10) Ауған соғысына қатысқан азаматтар - Жеңiс Күнi қарсаңында;
      11) ауылдық жерде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, Чернобыль АЭС-індегі апат зардабын жоюға қатысқан және Ауған соғысына қатысқандарға тоқсан сайын бір рет облыстың қалалары мен аудандарына бару және келу жолақысы;
      12) облыс әкімі грантының иегерлері аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттері және жетім – студенттердің жоғары оқу  орнындағы оқуын төлеуге;
      13) облыс әкімі грантының иегерлері, аз қамтамасыз етілген отбасылардың студенттері және жетім – студенттерді жоғары оқу  орнында оқыту үшін стипендиясын төлеуге;
      14) I-топтағы жалғызілікті мүгедектерге - отынға;
      15) гемофилия, лейкемиямен ауыратындар;
      16) 1988 - 1989 жылдары (26 – сәуір) Чернобыль АЭС апат зардабын жоюға қатысқандар;
      17) Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқандар, әскерлерді шығару Күніне қарсы (18 - ақпан);
      18) Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқандар, Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысқандарға тоқсан сайын емделуге;
      19) ауданға жолдамамен жұмысқа келген, маман - дәрігерлерге көтерме ақы;
      20) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне - Жеңіс Күні қарсаңында;
      21) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта тұрмыс құрмаған жесірлеріне, тұрғын үй-коммуналдық қызметіне (ай сайын);
      22) Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысқандар, Ауғанстандағы соғыс әрекеттеріне қатысқандарға қалпына келтіру жұмысына қатысқандар, тұрғын үй коммуналдық қызметіне (ай сайын);
      23) мүмкіндігі шектеулі балаларға, балаларды қорғау Күні қарсаңында (1 маусым);
      24) жетім-балалар, балаларды қорғау Күні қарсаңында;
      25) 18-жасқа дейінгі мүгедек–балалар, ми салымен ауыратын балаларға;
      26) 18-жасқа дейінгі мүгедек–балалар, ми салымен ауыратын балаларға (тоқсан сайын емделуге);
      27) жалғызілікті 1-топтағы мүгедектерге тұрғын үйі үшін от жағу қазанын сатып алуға және қоюға;
      28) аз қамтамасыз етілген отбасылар жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға;
      29) бас бостандығынан айыру мекемелерінен босаған адамдар;
      30) жұмыспен қамту бөлімінде тіркеуде тұрған аз қамтамасыз етілген отбасыларға - жерлеуге;
      31) жүктілігі бойынша уақытында есепке тұрған, УДЗ мен скринингтен өткен және дәрігердің барлық нұсқауларын орындайтын жүкті әйелдер;
      32) гемофилия диагнозы бар, мүгедек бала;
      33) мүгедек-балаларға Қазақстан Республикасы аумағында медициналық мекемелерге екі жаққа барып қайту жолы және тұруына;
      34) диспансерлік есепте тұрған, толық емдеу курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
      35) студент, жоғары оқу орны және аудан әкімі арасында үш жақты келісім шартын жасаған медициналық жоғары оқу орындарының 6 курсында оқитын студенттері;
      36) Ұлы Отан соғысының қатысушылары;
      37) "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-нің есебінде тұрған, кадрларды кәсібі даярлау және қайта даярлауға жіберілген жұмыссыз азаматтар;
      38) аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар балабақшада және мини-орталықтағы балалар үшін ата-аналар төлемдері бойынша шығындарды өтеуге;
      39) Ұлы Отан соғысына қатысушылар жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға;
      40) 1 жасқа дейінгі жасанды қоректендірілетін балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар балалар тамағына;
      41) Ұлы Отан соғысына қатысушылар газетке жазылуға;
      42) маргиналды топтағы тұлғалар құжаттандырылуға
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009.06.22 N 189/5; 2009.12.22 N 358/11 қаулыларымен.

3. Әлеуметтiк төлем және басқа
да әлеуметтiккөмек түрлерiн
тағайындау тәртiбi

      4. Әлеуметтiк төлем және басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн алуға құқылы адамдар үшін тағайындалады:
      1) 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15), 19), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32), 33), 34), 35), 37), 38), 40), 42) - тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшін - "Жергiлiктi өкiлетті органдар шешiмi бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтардың әлеуметтiк төлемдері" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы негiзiнде;
      2) 1), 2), 3), 9), 10), 11), 16), 17), 18), 20), 21), 22), 36),  39), 41) -тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшін - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерi, соларға теңестiрiлген адамдарға берілетін жеңiлдiктер мен әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес және "Жергiлiктi өкiлетті органдар шешiмi бойынша жекелеген санаттағы мұқтажды азаматтардың әлеуметтiк төлемдері" 451.007.000 бюджеттік бағдарламасы негiзiнде.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009.06.22 N 189/5; 2009.12.22 N 358/11 қаулыларымен.

4. Әлеуметтiк төлемдердiң
түрлерi және мөлшерi

      5. Нұсқаулықтың 2-тарауының 3-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлерi және мөлшері бойынша:
      1) 1), 9), 10), 16), 17), 23), 24)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн – 10 000 теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
      2) 2)-тармақшада 4000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек және дәрі-дәрмекті сатып алуға 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде;
      3) 3)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн тіс салдыру қызметінің нақты бағасы бойынша бiр жолғы материалдық көмек;
      4) 4), 14), 34)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      5) 5)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 6 ай бойы бiр жолғы материалдық көмек;
      6) 6)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 80 000 теңге  мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
      7) 7)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - коммуналдық шығынға 15000 теңге мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
      8) 8)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - тоқсан сайын 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде бiр жолғы материалдық көмек;
      9) 11), 33)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - қолданған билеттер бағасы;
      10) 12)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - студенттерге сәйкесті оқу орнындағы оқудың нақты кұны есебімен 2008-2009 оқу жылдарына әлеуметтік көмек төленеді;
      11) 13)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - оқу барысы мезгілінде 7000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек;
      12) 15), 25), 30)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн - 10 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      13) 18)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 2 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде бiр жолғы материалдық көмек;
      14) 19)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - 80000 теңге мөлшерінде (колледж бітірген медицина қызметкерлеріне), 250000 теңге (АОА дәрігерлері) және 500000 теңге (ауылдық округтерге жолданған дәрігерлер) бiр жолғы материалдық көмек;
      15) 20), 29)-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек және 26), 32)-тармақшадағыларға - 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тоқсан сайын;
      16) 21), 22)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн - 2000 теңге мөлшерінде ай сайынғы материалдық көмек.
      17) 27)-тармақшада көрсетілген санаттағылар ұшін - орындалған жұмыстар актісіне сәйкес, бірақ 45000 теңгеден аспау;
      18) 28)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - 90000 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      19)п31)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 12730 теңге мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      20) 35)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – 2008-2009 оқу жылының екінші жартыжылдығы бойынша тиісті оқу орындағы нақты оқу құны есебімен жүргізілетін медициналық жоғары оқу орындары студенттеріне интерн келісім шарттарына сәйкес әлеуметтік көмек;
      21) 36)-тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін – "Качир ауданының құрылыс бөлімі" ММ-мен жасалынған сметаға сәйкес, үйді жөндеуге немесе су құбырын өткізуге арналған бір жолғы материалдық көмек;
      22) 37)-тармақшасында көрсетілген санаттағылар үшін - кәсіптік дайындау және қайта дайындауды өту кезеңінде 5 айлық есеп көрсеткіші мөлшерінде бір жолғы материалдық көмек;
      23) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2400 теңгеден 3800 теңгеге дейінгі мөлшерде 1 балаға ай-сайынғы  материалдық көмек";
      24) 39)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 75000 теңге мөлшерінде жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға бір жолғы материалдық көмек;
      25) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 4470 теңгеден 5960 теңгеге дейінгі мөлшерде ай-сайынғы материалдық көмек;
      26) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2010 жылға арналған "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" және "Заря" газеттеріне нақты жазылым бағасы бойынша бір жолғы материалдық көмек;
      27) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 1000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір жолғы материалдық көмек.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009.06.22 N 189/5; 2009.12.22 N 358/11 қаулыларымен.

5. Есеп және есеп беру

      6. Әлеуметтiк төлемнiң қаражат шығыны есебiн аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүзеге асырады.
      7. Әлеуметтiк төлем төлеу мәселесi шешiлетiн алғашқы құжаттар (тексеру актi, хаттама, анықтамалар және т.б.құжаттар) ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнде 3 жыл бойы сақталады.
      8. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің бухгалтериясы әлеуметтiк төлемге берiлген қаржының жұмсалуы туралы ауданның қаржы бөлiмi алдында есеп бередi.

6. Әлеуметтiк төлемдер алуға өтiнiш берушi
ұсынатын қажетті құжаттар тiзiлімі

      9. Нұсқаулықтың 2-тарауының 3-тармағында көрсетiлген жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлемдердi iске асыру үшiн мынадай құжаттар қажет:
      1) 1), 9), 10), 16), 17), 20)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир ауданы бойынша зейнетақы және жәрдемақы тағайындау және төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығының аудандық филиалы бөлімшесінің және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің салыстырылған тізімдеріне сәйкес есеп шоты көрсетілген өтініш, (немесе жинақ кітапшасының көшірмесі) жеке басы куәлігінің көшірмесі, ҰОС-на қатысушы куәлігінің көшірмесі, Ауған соғысына қатысушы және Чернобыль апаты зардабын жоюға қатысушы  куәлігінің  көшірмесі, СТН, азаматтарды тіркеу кітабы;
      2) 2), 14), 21), 22)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi және алушы статусын растайтын құжат көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      3) 3)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, азаматтарды тіркеу кітабы, медициналық мекемеден шығынын растайтын анықтама;
      4) 4), 5), 15), 18), 31), 32), 34)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН , жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, медициналық мекемеден анықтама, азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) 6), 19)-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшiрмесi, салалы министрліктерден, департаменттерден, ЖОО-нан жолдама, азаматтарды тіркеу кітабы, кәсіпорыннан маманды жұмысқа алғандығы туралы бұйрық үзіндісі, жеке еңбек шарты;
      6) 7)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, "Құрметтi азамат" атағын растайтын құжат(немесе аудандық мәслихаттың расталған тізімі), азаматтарды тіркеу кітабы;
      7) 8)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, материалдық-тұрмыс күнкөріс жағдайын тексеру актісі, азаматтарды тіркеу кітабы, зейнеткер куәлігінің көшірмесі (ең аз мөлшердегi зейнетақы алатын зейнеткерлер үшін немесе МЗТО тізіміне сәйкес);
      8) 11), 33)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін дербес есеп шоты көрсетілген әлеуметтік төлемге құқылы адамның өтініші, СТР, жеке басы куәлігінің көшермесі және алушы статусын растайтын құжат көшірмесі, қолданылған билет немесе жүрген жолы құнын растайтын құжат, тұру үшін түбіртек, азаматтарды тіркеу кітабы;
      9) 12), 13), 35)-тармақшаларда көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты(жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, студенттің жоғары оқу орнымен оқуға жасаған шартының көшірмесі, интерн келісім шарттының көшірмесі.
      10) 23)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн - Качир психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің салыстырылған тізімдеріне сәйкес дербес есеп шоты (не жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген ата-анасының бірінің (қамқоршының) өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы;
      11) 24)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн Качир ауданының білім бөлімімен салыстырылған тізіміне сәйкес дербес есеп шоты көрсетiлген қамқоршының немесе баланың мүддесін көрсететін тұлғаның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабы;
      12) 25), 26)-тармақшаларында көрсетiлген санаттағылар үшiн мүгедек баланың ата-анасының біреуінің дербес есеп шоты көрсетiлген өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, мүгедек статусын растайтын құжат, азаматтарды тіркеу кітабы;
      13) 27)-тармақшада көрсетiлген санаттағылар үшiн дербес есеп шоты (жинақ кітапшасының көшірмесі) көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқылы адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмесі, тұрғын үй тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, орындалған жұмыс актісі;
      бюджеттік қаражаттарды игеру жөнінде уәкілетті органдарға тізім ұсынады:
      14) 28)-тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқығы бар санаттағы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, (жинақ кітапшасының көшірмесі), СТН, жеке басы куәлігінің көшірмесі, ауылдық округі әкімінің қолдаухаты, тұрғын-үй жағдайын тексеру актісі;
      15) 29)–тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқығы бар санаттағы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТН куәлігінің, жеке басы куәлігінің көшірмесі, бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылғандығы туралы анықтама;
      16) 30)–тармақшада көрсетілген осы әлеуметтік төлемге құқығы бар санаттағы тұлғаның дербес есеп шоты көрсетiлген өтініші, СТН, жеке басы куәлігінің көшірмесі, жұмыссыз статусын растайтын анықтама, қайтыс болғандығы туралы куәлік, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
      17) 37)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шотының нөмірі көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiш СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмелері, жұмыссыз мәртебесін растайтын анықтама, оқуын растайтын құжат;
      18) 36)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шотының нөмірі көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгiнiң көшірмелері, Ұлы Отан соғысына қатысушының куәлігі, үй жөндеуге немесе су құбырын өткізуге "Качир ауданының құрылыс бөлімі" ММ-мен құрастырылған смета;
      19) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты;
      20) 39)- тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, ҰОС-на қатысқан куәлігінің көшірмелері, "Тереңкөл ауылдық әкімі аппараты" ММ-нің шығындар сметасы";
      21) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін-дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, орталық аудандық аурухана тізімі;
      22) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - МЗТО бөлімшесімен салыстырылған тізімге сәйкес;
      23) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – құжаттануд қажет ететін тұлғалар тізімі қоса берілген ауылдық округ әкімінің қолдаухаты.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2009.06.22 N 189/5; 2009.12.22 N 358/11 қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады