Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы "2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығың бекіту туралы" N 23/1 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Қачир аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 358/11 қаулысы. Павлодар облысы Качир ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 11 қаңтарда N 12-8-81 тіркелген. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.03.29 N 30/1-31/139 хаты)

      Ескерту. Қолдану мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Павлодар облысы Качир аудандық әкімдігінің 2010.03.29 N 30/1-31/139 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес, ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек көрсету мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Качир ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы "2009 жылы ауданның мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер төлеу Нұсқаулығын бекіту туралы" N323/1 қаулысына (Качир ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпан Nі12-8-68 тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 21 наурызда "Заря" газетінің Nі12 санында жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулысымен бекітілген Нұсқаулқтағы:
      "Әлеуметтік төлемдер алуға құқығы барлар" 3-тармағында:
      38), 39), 40), 41), 42) реттік нөмірлердегі мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "38) Аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылар балабақшада және мини-орталықтағы балалар үшін ата-аналар төлемдері бойынша шығындарды өтеуге;
      39) Ұлы Отан соғысына қатысушылар жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға;
      40) 1 жасқа дейінгі жасанды қоректендірілетін балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар балалар тамағына;
      41) Ұлы Отан соғысына қатысушылар газетке жазылуға;
      42) Маргиналды топтағы тұлғалар құжаттандырылуға";
      "Әлеуметтiк төлем және басқа да әлеуметтiк көмек түрлерiн алуға құқылы адамдар үшін тағайындалады" 4-тармағында:
      1-тармақшадағы "37)" деген саннан кейін "38), 40), 42)" деген сандармен толықтырылсын;
      2-тармақшадағы "36)" деген саннан кейін "39), 41)" деген сандармен толықтырылсын;
      "Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетiлген азаматтардың санаттарына әлеуметтiк төлемдер мына түрлерi және мөлшері бойынша тағайындалады" 5-тармағында:
      мынадай мазмұндағы 23), 24), 25), 26) және 27)-тармақшаларымен толықтырылсын:
      "23) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2400 теңгеден 3800 теңгеге дейінгі мөлшерде 1 балаға ай-сайынғы  материалдық көмек";
      24) 39)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 75000 теңге мөлшерінде жылу қазандығын сатып алуға және орнатуға бір жолғы материалдық көмек;
      25) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 4470 теңгеден 5960 теңгеге дейінгі мөлшерде ай-сайынғы материалдық көмек;
      26) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 2010 жылға арналған "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" және "Заря" газеттеріне нақты жазылым бағасы бойынша бір жолғы материалдық көмек;
      27) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін 1000 теңгеге дейінгі мөлшерде бір жолғы материалдық көмек;"
      "Нұсқаулықтың 2-бөлімінің 3-тармағында көрсетiлген жекелеген азаматтар санаттарына әлеуметтiк төлемдердi iске асыру үшiн мынадай құжаттар қажет" 9- тармағында 19), 20), 21), 22), 23) реттік нөмірлердегі мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:
      "19) 38)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген осы әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің  көшірмелері, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі, ауылдық округ әкімінің және (немесе) мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің қолдаухаты;
      20) 39)- тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, ҰОС-на қатысқан куәлігінің көшірмелері, "Тереңкөл ауылдық әкімі аппараты" ММ-нің шығындар сметасы";
      21) 40)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін-дербес есеп шоты көрсетiлген әлеуметтiк төлемге құқығы бар адамның өтiнiшi, СТН, жеке басы куәлiгi, азаматтарды тіркеу кітабы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмелері, орталық аудандық аурухана тізімі;
      22) 41)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін - МЗТО бөлімшесімен салыстырылған тізімге сәйкес;
      23) 42)-тармақшада көрсетілген санаттағылар үшін – құжаттануд қажет ететін тұлғалар тізімі қоса берілген ауылдық округ әкімінің қолдаухаты".
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А.Қ.Мардановаға жүктелсін.

      Аудан әкімі                                Б. Бақауов 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады