Аз қамтасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдык қызметтерге ақы төлеу бойынша тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Қашыр аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 қарашадағы N 6/18 шешімі. Павлодар облысы Қашыр ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 2 желтоқсанда N 12-8-78 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Қашыр аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Қашыр аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы N 4/19 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 12-6 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы Нұсқаулығы бекітілсін (бұдан әрі - Нұсқаулық).
      2. Ауданның экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі тұрғын үй жәрдемақысына бюджеттік қаражат бөлуді көздесін.
      3. Ауданның қаржы бөлімі іс-шараларды бюджеттік қаржы шегінде  шараларды уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешім ресми түрде жарияланғаннан он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            Қ. Ыбыраев

      Качир аудандық
      мәслихатының хатшысы                       С. Баяндинов

IV сайланған Качир аудандық мәслихатының  
2009 жылғы 25 қарашадағы XVІІІ кезекті   
сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға 
тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге 
ақы төлеу бойынша тұрғын үй жәрдемақысын беру
тәртібін бекіту туралы" N 6/18 шешімімен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстау
және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша тұрғын
үй жәрдемақысын беру тәртібі туралы нұсқаулық

      Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңы негізінде әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Тұрғын үй демеу қаржысы - тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша және де мемлекеттік тұрғын үй қорынан ауданда тұрақты тұратын, аудан аймағында орналасқан тұрғын үйді жалдау (жалгерлік) бойынша (пешпен жағылатын жеке тұрғын үйді ұстаудан басқа) шығынды қайтару үшін халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына ұсынылатын өтемақы.
      2. Тұрғын үй демеуқаржысына құқығы бар меншік иесі - тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу және коммуналдық қызметті тұтыну шығыны тұрғын үй көлемі шегінде тұрғын үйге немесе оның бөлігіне меншік құқығы бар, егер өтемақылық шама және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері, осы мақсатқа шығын шегі үлесі асқан жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдедегі N 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу Ережелеріне сәйкес тұрғын үйде тіркелген, аудан аумағында тұратын жеке тұлға.
      3. Тұрғын үй демеуқаржысына құқығы бар жалдаушы (жалға алушы) - заңда бекітілген тәртіпде жасалған тұрғын үйді жалға беру шартының бір жағы болып саналатын, тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу және коммуналдық қызметті тұтыну шығыны тұрғын үй көлемі шегінде тұрғын үйге немесе оның бөлігін тұрақты немесе уақытша пайдаланатын, егер өтемақылық шама және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері, осы мақсатқа шығын шегі үлесі асқан жағдайда аудан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлға.
      4. Тұрғын үй меншік иесінің (жалдаушы) отбасы мүшесі – тұрғын үй жәрдемақысын анықтау кезінде есепке алынатын және отбасы мүшесі белгісіне иелі меншік иесімен (жалдаушымен) аудан аумағында тұрақты тұратын жеке тұлға.
      5. Тұрғын үй – тұрақты тұруға және пайдалануға арналған, орнатылған техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға сай (орталық от жағумен жеке тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме) жеке тұрғын үй бірлігі.
      6. Коммуналдық қызметтер – сумен жабдықталған, канализация, газ, электр, жылумен жабдықталған, қоқыс айдайтыны бар тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) ұсынылатын қызметтер.
      7. Тұрғын үйді ұстауға арналған шығындар – тұрғын үйді пайдалануға, жеңіл-желпі және толық жөндеуге, сондай-ақ жер теліміне қажетті төлем сомасы.
      8. Стандарттың әлеуметтік нормасы – өтемақылық шама және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерімен қамтамасыз етілетін (бұдан әрі - СӘН) тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет төлеу шығыны.

2. Тұрғын үй жәрдемақысы құқығын
анықтау және тағайындау тәртібі

      9. Тұрғын үй демеуқаржысы – тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу және коммуналдық қызметті тұтыну шығыны тұрғын үй көлемі шегінде, өтемақылық шама және тұрғын үй-коммуналдық қызметті тұтыну нормативтерімен қамтамасыз етілетін отбасы бюджеті, осы мақсатқа шығын шегі үлесі асқан жағдайда ауданда тұрақты тұратын, меншік иесі немесе жалдаушы (тұрғын үйді жалға беруші) болып саналатын тұлғаларға төленеді.
      Тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу және коммуналдық қызметті тұтынуға мүмкін ақтық шығын шегінің үлесі отбасы кірісіне 30 пайыз мөлшерінде орнатылады.
      Тұрғын үйді ұстауға ақы төлеу және коммуналдық қызметті тұтыну СӘН жоғары жалпы түрде өтініш білдірушімен жүргізіледі.
      10. Тұрғын үй көлемінің нормалары, өтемақылық шамамен қамтамасыз етілетін, тұрғын үй заңнамасымен бекітілген отбасының әрбір мүшесіне ұсынылатын нормаға баламалы. Осы аумақтың халқы қамтамасыз етілетін (сумен, газбен жабдықталған, канализация, электр, жылумен жабдықталған, қоқысты жою) коммуналдық қызмет тұтыну нормативі аудан әкімімен орнатылады. Тұрғын үй көлемі нормасына, әрбір отбасы мүшесіне пәтердің (үйдің) пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және жалғыз тұратын азаматтар үшін 30 шаршы метр қабылданған  өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген. Егер барлық отбасы мүшелеріне нормативті көлемі нақтыдан асатын болса, нақты көлем есепке алынады.
      Электр энергия тұтыну нормасын бір отбасына айына 60 кВт мөлшерінде орнатылсын.
      Телефонға абоненттік төлем тиісті аймақтағы бекітілген тарифке сәйкес жүргізіледі.
      Газбен жабдықтау үшін төлем айына бір отбасына бір газ баллон есебінде жүргізіледі.
      11. Тұрғын үй демеуқаржысы жақсы жабдықталған орталық от жағу орнатылған үйде тұратын тұлғаларға ұсынылады. Тұрғын үй демеуқаржысы ауданда тұрақты тұратын және бір бірлікті тұрғын үйі бар жеке меншік иесі болып табылатын жеке тұлғаларға тағайындалады. Егер отбасында бір бірліктен көп тұрғын үйі болса, жалға беретін үйі болса, тұрғын үй демеуқаржысын алуға құқығы жоқ.
      Жақсы жабдықталған үйде тұратын, осы үйдің иесі болып табылмайтын тұлғалар, жалға алу шарты болған жағдайда (жалдау) тұрғын үй жәрдем ақыға құқығы бар.
      12. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешім, тұрғын үй меншік иесінің (жалдаушы) өтініші және мына құжаттар негізінде қабылданады:
      1) тұрғын үйге меншік немесе жалдаушы құқығын анықтайтын құжат;
      2) отбасының жиынтық табысы туралы құжат;
      3) отбасы құрамы туралы құжат;
      4) қызмет ұсынушылардан, өтініш білдірген жартыжылдық алдындағы жартыжылдықта коммуналдық қызметті төлеу және тұрғын үйді ұстау шығынын тағайындауды растайтын құжаттар.
      13. Тұрғын үй демеуқаржысын тұрақты тұратын жалдаушы (меншік иесі) отбасының барлық мүшелерінің құқығы бар. Тұрғын үйді жалға алушышың отбасы мүшелері болып оның әйелі (күйеуі), балалары, ата-анасы саналады.
      14. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салуға жататын барлық табыс түрлері кіреді.
      15. Сонымен қатар отбасының жиынтық табыс құрамына қосымша келесі табыс түрлері кіреді:
      1) зейнетақының барлық түрлері;
      2) мемлекеттік арнайы жәрдемақының барлық түрлері;
      3) стипендия;
      4) Оқуға төленетін ақы төлеу жүргізілетін, отбасы табысының құжаттармен расталмаған жағдайда тағайындалатын мерзімге оқуға төленетін сома (ЖОО, гимназиялар, колледждер):
      5) аз қамтамасыз етілген отбасына материалдық көмек;
      6) үлесақылар;
      7) кәсіпкерлік қызметінен табыстар;
      8) ҚР заңнамасымен тыйым салынбаған табыс.
      16. Жерлеуге, туған күнге, мерекеге арналған материалдық көмек сомалары табысқа кірмейді.
      17. Егер жұмыс жасындағы жұмыс істемейтін және оқымайтын, әскер қатарында борышын өтемейтін және жұмыспен қамту орталығында тіркелмеген адамдары (ерлер мен әйелдер) бар отбасылар, бір айдан аса стационарлық емдеуде болған тұлғалар мен мүгедектерді, туберкулезбен ауыратындарды, қатерлі ісік ауруымен ауыратындарды, сонымен қатар 1, 2 топ мүгедектерімен, 80 жастан асқан тұлғалармен, 7 жасқа дейінгі балалармен күтуде отырғандарды қоспағанда, тұрғын үй демеуқаржысын алуға құқығы жоқ.
      18. Даулы, талас немесе, тұрғын үй демеуқаржысын тағайындау туралы қолайсыз жағдай туғанда халықтың әлжуаз топтарына әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру жөніндегі комиссияның қарауына жіберіледі.
      Тұрғын үй демеуқаржысы жылына 2 рет, алдыңғы жартыжылдыққа жартыжылдағы өтініш білдірген уақытына қарамай тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті төлеу кіріс пен шығыс бойынша, қазаннан наурызға дейінгі және сәуірден қыркүйекке дейінгі мерзімде алты айға тағайындалады.
      Тұрғын үй демеуқаржысын тағайындау үшін ағымды жартыжылдықтың ақырға айының 15-не дейін құжат қабылдауды өкілетті орган жүргізеді.
      19. Ұсынылған құжаттарды қарастыру бойынша отбасына тұрғын үй демеуқаржысын есептеу үшін, жәрдемақы тағайындау туралы есеп кіретін ақпарат құрастырылады. Ақпарат екі данада жасалады, оның біреуі тұрғын үй жалдаушысында (меншік иесі) сақталады. Көрсетілген ақпарат тұрғын үй демеуқаржысын ұсынуда негіз болып есептеледі.
      Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеу отбасының ақтық шығыс үлесі, отбасы табыстары, және де тұрғын үй-коммуналдық қызметке тариф пен мөлшерлемесі өзгерген жағдайда өкілетті органмен бұрынғы тағайындалған көмекке қайта есеп жүргізіледі.
      20. Тұрғын үй демеуқаржысын алушылар, өзінің тұрғын үй меншігінің кез келген өзгерген түрін, отбасы құрамы және оның жиынтық табысы туралы, сонымен қатар демеуқаржысы дұрыс тағайындалмағандығы туралы өкілетті органға 10 күн ішінде хабарлауы керек.
      21. Өкілетті орган, тексеру қорытындысы бойынша, тағайындалған тұрғын үй демеуқаржы сомасына өзгерістер енгізуге құқығы бар.
      Теріс ресімделген құжаттар үшін, сол бойынша тұрғын үй демеуқаржысы тағайындалса, солардың кесірі бойынша болған лауазымды тұлғалар, заңмен бекітілген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.
      Өкілетті органға жалған мәлімет бергені үшін, аса артық немесе заңсыз төлемақы тағайындауға әкеп соқтырған, жалдаушы (меншік иесі) бір жыл бойы жәрдемақы алу құқығынан айырылады, ал тұрғын үй демеуқаржысы түрінде заңсыз алынған сома орнатылған заңнама тәртібінде қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу мөлшері мен тәртібі

      22. Демеуқаржы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметті тұтынуға арналған және осы мақсаттағы соңғы мүмкіндік деңгейдегі шығысы мен өтемақы шамасымен қамтамасыз етілетін жалдаушының (меншік иесінің) нақты төлемімен айырмашылық ретінде есептеледі.
      23. Тұрғын үй демеуқаржы мөлшері, тұрғын үй және коммуналды қызметке нақты тағайындалған төлем сомасынан аспауы керек.
      24. Демеуқаржының айлық ең аз мөлшері зейнетақы, жәрдемақы, және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін заңнамамен орнатылған, 0,5 айлық есептік көрсеткіш шамасынан кем болмауы керек. Бір отбасына есептегенде тұрғын үй демеуқаржысы ең көп мөлшері екі айлық есептік көрсеткіш шамасынан аспауы керек.
      25. Тұрғын үй демеуқаржысы ақшасыз түрде, жергілікті бюджет қаржысынан, тұрғын үйді жалдаушыға (меншік иесі) тағайындалған соманы салыстырғанда тұрғын үйді ұстауға және коммуналды қызмет төлемін азайту ретінде ұсынылады.
      26. Өтініш берушінің отбасы жиынтық табысы қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасы негізінде және осы ереже талаптарымен анықталады.
      27. Тұрғын үй ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға нормативті-есеп айырысу шығынын анықтау табиғи монополияны реттеу бойынша өкілетті органның деректері негізінде ұсынылады.

4. Есеп және есеп беру

      28. Өкілетті орган жалдаушылар мен пәтер меншік иелерінің ұсынылған демеуқаржысын сомаларын көрсетумен және орналасқан жері бойынша қаржы органдарына қайтару үшін борыштар туралы деректерді ұсынады.
      29. Қаржы органдары, ұсынылған борыш туралы деректер негізінде жергілікті бюджетте қарастырылған қаражат есебінен қаражаттарды өтеуді жүргізеді.
      30. Аудандық қаржы органы бір жылда кемінде бір рет алғашқы құжаттар бойынша тұрғын үй демеуқаржы төлеуге бюджеттік қаражаттың шығыны дұрыстығын тексеруге міндетті.
      31. Қате ресімделген құжаттар үшін, сол бойынша тұрғын үй демеуқаржысы тағайындалған жағдайда, солардың кесірінен болған лауазымды тұлғалар, заңмен бекітілген тәртіпте жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады