Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы "Май ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" N 18/2 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімиятының 2009 жылғы 6 қаңтардағы N 15/1 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 5 ақпанда N 78 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 ақпандағы N 63/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 28.02.2012 N 63/2 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабының 1 тармағына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 4 ақпандағы "Май ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру және ұйымдастыру туралы" N 18/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 12-10-63 болып тіркелген, "Шамшырақ" N 11 газетінде 2008 жылғы 15 наурызда жарияланған) мынандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ашуды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімі (С.И. Мұқатаев) келiсiм-шарт негiзiнде жұмыс берушiмен жүзеге асырсын.
      3. Ресми жарияланған күннен бастап 10 күн өткен кейін қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Е.Айтқұловқа жүктелсiн.

      Аудан әкiмi                                Е. Әйткенов

Май ауданы әкiмдiгiнiң 2009 жылғы 6 қаңтардағы
"Аудан әкімдгінің 2008 жылғы 4 ақпандағы 
"Май ауданында әлеуметтiк жұмыс орындарын
қаржыландыру және ұйымдастыру туралы"  
N 18/2 өзгертулер мен толықтырулар    
енгізу туралы" N 15/1 қаулысына      
1 қосымша                 

Әлеуметтiк жұмыс орындарын жұмыс берушiлердің тiзiмi

Р/с

Жұмыс берушiлер

Қатысушы адамдардың саны

1

"Ығылман" шаруа қожалығының басшысы Ығылманова Ж.

10

2

"Ая" шаруа қожалығының басшысы Бекқожин Ж.Н.

2

3

Жеке кәсіпкер Шамбасова Г.К.

5

4

"Со-Пут" шаруа қожалығының басшысы Соломатин Н.В.

4

5

"Башлам" шаруа қожалығының басшысы Абубакаров Э.М.

6

6

СПК "Сенім"

3

7

Жеке кәсіпкер Тлеубеков С.К.

6

8

ГККП "Майсервис"

5

9

"Ұста-ата" шаруа қожалығының басшысы Бакауов Ж.Б.

5


Барлығы:

46

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады