Бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім оқу орындарының түлектері - жастар үшін қосымша әлеуметтік қорғау шараларын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 мамырдағы N 123/5 қаулысы. Павлодар облысы Май ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 11 маусымда N 12-10-84 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы N 198/6 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 23.06.2014 N 198/6 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 120 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 1314 тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 5 бабының 211 тармақтарына сәйкес және халықты жұмыспен қамтамасыз ету шараларын кеңейту мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім оқу орындарының түлектері - жастар үшін қосымша әлеуметтік қорғау шарасы болып – Жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастыру болып табылады.
      2. "Май ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Өкілетті орган), еңбек нарығында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білімі оқу орындарының (әр қарай - Кәсіптік оқу орындары) жұмыссыз түлектерін Жастар тәжірибесіне жолдау үшін олардың санын және жұмыссыз жастар құрамын анықтасын.
      3. Өкілетті органға Жастар тәжірибесі ауданының кәсіпорындарында, мекемелерінде және ұйымдарында (әрі қарай - Жұмыс беруші) меншік нысаналарына қарамастан ұйымдастырылады және өткізіледі. Өкілетті орган Жұмыс берушімен келісім-шарт негізінде өзара іс - қимыл жасайды. Келісім-шарт жұмыс берушінің жұмысқа қабылданатын жұмыссыздардың санын, кәсіптер (мамандықтар) тізбесін, қажет болған жағдайда қосымша кәсіби даярлықты, Жастар тәжірибесіне қатысушыларды кәсіптеріне сәйкес кәсіби біліммен, шеберлік пен және дағдылармен қамтамасыз ету міндетемелерін қарастырады.
      Жастар тәжірибесі аясында, Кәсіптік оқу орындарының жұмыссыз түлектеріне уақытша жұмыс орындарын ұсынуға тілек білдірген Жұмыс беруші Өкілетті органмен тиісті келісім-шарт жасасады.
      4. Оқыған мамандықтары бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ Кәсіптік оқу орындарының түлектері, оқу орнын аяқтағаннан кейін, Жастар тәжірибесіне қатысуға құқылы.
      5. Жастар тәжірибесін өткізу жөніндегі шараларды қаржыландыру жергілікті бюджет және республикалық бюджеттен бөлінген мақсатты трансферттер есебінен жүзеге асырылады.
      Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысын Өкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасымен ағымдағы жылға белгіленген ең төменгі еңбекақының бірден бір жарым мөлшеріне дейін нақты жұмыс істеген уақыты үшін төлейді.
      Жастар тәжірибесіне қатысушылардың еңбекақысы "Казпошта" АҚ аудандық бөлімі арқылы жеке тұлғалардың шоттарына аударылады.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - Павлодар облысы Май аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 24 шілдедегі N 148/7 қаулысымен.
      6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін 10 күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары  Е. Айтқұловқа жүктелсiн.

      Аудан әкімі                                Е. Әйткенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады